Саяси сахна

Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовті қабылдады

  • http://www.akorda.kz/

    http://www.akorda.kz/

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа тәртібін жүзеге асыру, көпбалалы отбасыларға табыс көлеміне қарамастан жәрдемақы беру, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында атқарып жатқан кешенді шаралары жайында баяндалды.

 

Президентке «Еңбек» бағдарламасының іске асырылу барысы, оның ішінде, жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға шағын кредит беру тәртібі, жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша бөлінетін білім гранттары, жастардың жаңа жобалары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, шет елден жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізген тексерулердің қорытындысы жайында айтылды.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Президентке мемлекеттік қызметшілердің мерекелерден кейін келетін демалыс күндері жұмысқа шығуы Қазақстан заңнамасына қайшы емес екенін және өзгертулер енгізуді талап етпейтінін жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы Еңбек кодексін толық сақтай отырып, кезек күттірмейтін және маңызды міндеттерді атқару үшін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес орындалады. Еңбек кодексі бойынша мемлекеттік қызметшілер жұмысқа өзінің жазбаша келісімімен шығады және олардың бір күндік жұмысының еңбекақысы кемінде 1,5 есе көлемінде төленеді. Мерекелерден кейін келетін демалыс күндері жұмысқа Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдар мен басқа да ведомстволардың кезек күттірмейтін және маңызды міндеттерге жауапты қызметкерлері тартылады.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Біржан Нұрымбетовке атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамтудың нақты шараларын қабылдауды, аз қамтылған отбасылардың табысын арттыруды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар Президент шет елден жұмыс күшін тарту мәселесін ерекше бақылауда ұстау қажеттігін баса айтты.

 

akorda.kz




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

жұма, 06.03.2020, 11:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30