Министр Серік Әбденовті арандатушылар көбейді

27 сәуір 2013, 13:28

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов әйелдер үшін зейнетке шығар жасты неліктен көтеру қажеттігіне түсініктеме берді.
Осы бағыттағы өзінің түсіндірме сөз­де­рі­нен кейін министр «егер әйел адам ан­нуи­­тет алу үшін 3 млн теңгеден асатын жи­нақ жи­най алмаса, оған керек соманы жи­науға мүмкіндік бермейтін осындай ма­мандық таңдаған оның өз кінәлі» деп атап өтті.  
Бұл ретте министр жұма күні жур­на­листермен кездесуінде өзінің жалақысы 600 мың теңге екенін айтты.
«Мен әу бастан-ақ мемлекеттік зей­нетақы жинақтау қорындамын және менің бүгінге жинақтаған жинағым – 3 млн 500 мың теңге. Мен қазірдің өзінде зейнетке 50-55 жасымда шығуға мүмкіндігім бар. Менің жасым қазір – 36-да. Министр ретінде мен 600 мың теңгедей жалақы аламын», – деді С. Әбденов.
«Жинақтау жүйесіне 30 жыл қатыс­қан­да аула сыпырушы болып та, министр бо­лып та инвестициялық тиісті кірістігін қам­тамасыз етуге болады», – деп есептейді С.Әбденов.
Аталған баспасөз отырысы басталарда ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Серік Әбденовке Андрей Цу­канов есімді ер адам жұмыртқа лақтырды. Оқыс оқиғадан кейін министр сыртқа шы­ғып кетті де, бірақ қайта келіп, баспасөз мәслихатын жал­ғас­тырды. Журналистердің сұ­рақтарына жауап бере отырып, министр А.Цукановтың бұл қылығына қатысты пі­кірін білдірді.  «Егер адам мәдениеттен жұр­дай болса, ол оның өз жеке басының про­блемасы. Мен ештеңе жасамаймын, оның деңгейіне дейін төмендемеймін», – де­ді С.Әбденов.