Саяси сахна

Назарбаев елге қандай адамдар қажет екенін айтты

  • Назарбаев елге қандай адамдар қажет екенін айтты

    Назарбаев елге қандай адамдар қажет екенін айтты

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы осы дағдарыстың тиімді тұстарын пайдалануға мән беру керек екенін атап өтті

Дағдарыс жағдайында елді басқаруға нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыс істейтін менеджерлерді тарту қажет. Қауіпсіздік кеңесінің бүгінгі отырысында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

"Қазақстанға тұтас бір корпорация ретінде қарайтын кез келді. Оны стратегиялық жағынан да, операциялық жағынан да, нақты жоспар бойынша бір орталықтан басқару қажет. Ауыл әкімінен бастап үкімет мүшесіне дейінгі барлық мемлекеттік басқарушылар өз жұмысын қайта қарап, нақты нәтижеге жеткізуге тырысуы шарт. Елге экономиканы қалпына келтіру, жұмыссыздықты азайту, халықты азық-түлікпен және тағы басқа қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдай алатын батыл менеджерлер керек", - дейді Назарбаев.

Елбасының ойынша, биылғы дағдарыстан кейін елдің даму болашағын дұрыс болжап, тиісті шараларды тезірек қолға алған жөн. Ол сол кезде қиындықтан аман шыға аламыз деп отыр. Дағдарыстың тиімді тұстарын да пайдалануымыз қажет.

"Осы дағдарысты да жеңетінімізге сенімдімін. Әкімдер мен министрлерге жеке жауапкершілік жүктелген. Үкімет барлық бағдарлама мен дағдарысқа қарсы шараның тиімді іске асуын бақылауы қажет. Халыққа айтарым, қолға алынып жатқан шараларды қолдап, бірлік, ынтымақ пен тәртіпті көрсетіңіздер. Бұның барлығы қазақстандықтар үшін жасалып жатыр", - деп атап көрсетті Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

жұма, 24.04.2020, 20:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31