Саяси сахна

Нұрсұлтан Назарбаев «нағыз қауіп» жайлы айтты

  • Нұрсұлтан Назарбаев «нағыз қауіп» жайлы айтты

    Нұрсұлтан Назарбаев «нағыз қауіп» жайлы айтты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті &ndash Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Елбасы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жиында Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қарулы күштерді қайта жарақтандыру мен қорғаныс өнеркәсібін дамыту жоспарлары қаралды.

Жиынды ашқан Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бүгінгі таңда басқа елдермен қатар Қазақстан да қауіпсіз ортаның сапалық өзгеру кезеңіне қадам басқанын атап өтті.

&ndash Біз біртұтас мемлекет және ұлт ретінде бетбұрыс кезеңіне келіп жеттік. Бұл өзгеріске коронавирус пандемиясы түрткі болды. Оның әсері алдағы онжылдыққа созылуы мүмкін. Қазірдің өзінде ұлттық қауіпсіздікке қатысты қалыптасқан сын-қатерлер трансформацияға ұшырап, ассиметриялық әрі гибридтік қатерлер туындап жатыр, &ndash деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы мен қазақстандық қоғамның қазіргі жағдайларға жауап бере алатын жаңа ұлттық қауіпсіздік архитектурасын жасау қажеттігін атап өтті.

&ndash Экономикалық, технологиялық, әлеуметтік ахуал мен сыртқы жағдайлар қалай өзгерсе де, біздің ешқашан мызғымайтын ұлттық мүдделеріміз бар. Бұл &ndash Қазақстанның егемендігі, аумақтық тұтастығы, бірлік, саяси тұрақтылық, азаматтардың әл-ауқаты және әлеуметтік әділдік.  Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы осы құндылықтарды қорғауға, биыл 30 жылдығын атап өтіп жатқан Тәуелсіздігімізді нығайтуға негізделген, &ndash деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселені талқылау барысында Президенттің Көмекшісі &ndash Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ә.Исекешев жаңа Стратегияның негізгі бағыттарын таныстырды. Онда қамтылған шараларға тәуекелдерді басқарудың заманауи әдістері басшылыққа алынып, ұлттық қауіпсіздік теңгерімді әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамумен берік байланысқан.

Нұрсұлтан Назарбаев биологиялық қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен ұзақ уақытқа дейін түспейтініне назар аударды, себебі инфекциялық және басқа да аурулар жаһандық сын-қатерлерге айналды. Осыған орай Елбасы биологиялық қауіпсіздік пен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы басты қауіп-қатерлерге тойтарыс беру үшін тиімді шаралардың маңыздылығын атап көрсетті.

&ndash Енді денсаулық сақтауға ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі компоненті ретінде қарау керек. Пандемия кезінде әлеуметтік-экономикалық тежелістер болады. Ол  &ndash бірінші кезекте, халықтың табысының азаюы, өңірлердің, салалардың, қалалар мен ауылдардың арасындағы теңсіздіктердің өсуі. Бұл бағытта мақсатты түрде жұмыс істеу керек. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға кешенді қолдау көрсету  қажет, &ndash деді Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық қауіпсіздікті, киберқауіпсіздікті, ақпараттық қауіпсіздік пен адами капиталдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

&ndash Нағыз қауіп &ndash минералды-шикізат ресурстары бағасының құлдырауы емес, ұлттың интеллектуалдық әлеуетінің төмендеу қаупі. Бұл, бірінші кезекте, білім беруге қатысты. Біз осы сала бойынша дамыған елдерден әлі артта келеміз. Білім мен ілім таяу онжылдықта біздің ұлттық идеямыз болуы керек, &ndash деп атап өтті Елбасы.

Сонымен қатар Елбасы ұлттық қауіпсіздіктің дәстүрлі түрлері &ndash сыртқы және әскери қауіпсіздікке тоқталды. Мұндағы негізгі сын-қатерлер сыртқы күштердің өзара текетіресіне, Орталық Азия мен оның төңірегінде тұрақсыз аймақтардың құрылу мүмкіндігіне, террористік, радикалды, қылмыстық және басқа да іріткі салушы күштердің өңірде шоғырлануына байланысты.

Талқылау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының тұжырымдық ұстанымдарын мақұлдады.

Сондай-ақ, талқылау барысында Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін лайықты қамтамасыз етуге тиіс Қарулы күштерді дамыту мәселелері қаралды.

Елбасы жаңа технологиялар енгізуді және қару-жарақ пен әскери техника өндірісіндегі технологиялық прогресті есепке ала отырып, қарулы күштерді жетілдіру қажеттігіне де тоқталды.

&ndash Қарулы күштерді 2030 жылға дейін қайта жарақтандыру және қорғаныс өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасы армияны жабдықтаудың ұзақ мерзімге арналған тәсілдерін айқындайды және жаңа технологиялық сын-қатерлерге сай келеді. Отандық қорғаныс өнеркәсібі &ndash қорғаныс қабілетінің маңызды бөлігі, ол Қарулы күштердің сұранысына бағытталған, &ndash деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Отырыс қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қарулы күштердің, басқа әскерлер мен күштік құрылымдардың әскери дайындық деңгейін көтеруге, аумақтық қорғаныс күштерін нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.02.2021, 23:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30