Саяси сахна

Нығматулин: Алғыс айту күні – халықты бірлік-берекеге шақыратын ең жарқын мереке

  • Нығматулин: Алғыс айту күні – халықты бірлік-берекеге шақыратын ең жарқын мереке

    Нығматулин: Алғыс айту күні – халықты бірлік-берекеге шақыратын ең жарқын мереке

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин барша қазақстандықтарды «Алғыс айту» жалпыхалықтық мерекесімен құттықтады.

«Алғыс айту мейрамы 2016 жылы Елбасы, Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен белгіленіп, содан бері барша қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметін көрсетіп, ризашылығын білдіретін, бірлік-берекеге шақыратын мемлекетіміздегі ең жарқын мерекелердің біріне айналды.

 
Сондай-ақ, ұлттар арасындағы бауырластықты одан әрі тереңдетіп, жас ұрпақты мейірімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелейтін ерекше мереке» - деді палата спикері.

Осы ретте, Нұрлан Нығматулин тұрақтылық пен жалпыұлттық құндылықтарды сақтау және одан әрі нығайту мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді дамыту жолындағы негізгі бағытының бірі екенін айтты. 

Сонымен қатар, палата Спикері Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне, оның ішінде, Мәжілістегі Ассамблеядан сайланған депутаттардың елімізді дамытуда еселі еңбек етіп келе жатқанына назар аударды.

Мәжіліс төрағасы тәуелсіз Қазақстанымыздың тірегі саналатын барша халқымызға өз алғысын білдіріп, әрбір отбасына, әрбір азаматқа денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір тіледі. 
 




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 12:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30