Саяси сахна

Өзбекстан Президенті Түркістан облысындағы апат салдарын жоюға көмек беруге дайын екендігін айтты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Сырдария облысындағы су қоймасы бөгетінің бұзылуынан су басқан Қазақстанның Түркістан облысындағы елді мекендерде апат салдарын жоюға қажетті көмек беруге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

 

Өзбекстан Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 сәуірге қараған түні апат кезінде Бұхара мен Сырдария облыстарындағы 38 мыңнан астам үйге, 847 әлеуметтік нысан мен егістіктерге залал келген.

 

«Біз табиғи апаттың зардабын жою үшін барлық қажетті шараларды қолданудамыз. Үкіметтік комиссия тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін әлеуметтік нысандардың 70 пайызы және үйлердің 20 пайызының шатырлары жабылған. Сонымен қатар, 5 000 шақырым электр желісі, 1100 трансформатор жөнделген... Өкінішке орай, осы уақытқа дейін табиғи апат салдарынан 4 азаматымыз қайтыс болды, 1 адам хабар-ошарсыз кетті. Қаза болғандардың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», - деді Шавкат Мирзияев Бұхара мен Сырдарияда болған апатқа қатысты жиында.

 

Оның айтуынша, су қоймасында болған жағдайға байланысты халықаралық сарапшыларды тарта отырып, барлық бөгеттерге терең сараптама жүргізілмек.

 

«Өкінішке орай, Сардобадағы апат салдарынан көршілес Қазақстан Республикасы Түркістан облысының Мақтаралы ауданындағы елді мекендерді де су басты. Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, бұл мәселені өзара түсіністікпен, ашық әрі кеңінен талқыладық. Кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған делегация оқиға орнына барып, жағдайды жан-жақты зерттеді», - деді бейнеконференцияда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев.

 

«Бұл техногендік күтпеген апат тек біздің тұрғындарға ғана емес, сонымен бірге көрші қазақ бауырларымызға да үлкен зиян келтіргені өте ұятты болды. Олардың мекендейтін жеріне және егістік алқаптарына зиян келтірілгеніне де өкінеміз», - деді Өзбекстан Президенті.

 

Оның айтуынша, үкімет, тиісті министрліктер мен ведомстволар, жергілікті билік органдары, басқа да шенеуніктер мен сарапшылар өздерінің қазақстандық әріптестерімен бірге табиғи апаттардың салдарын жою үшін тығыз жұмыс істейтін болады.

 

«Сондай-ақ, біз табиғи апаттың салдарын жоюда қазақстандық бауырларымызға қажетті көмек көрсетуге дайын екенімізді білдірдік. Біз бұл қиындықтарды халқымызбен бірге, өзара ынтымақты түрде жеңетінімізге сенімдімін», - деді Өзбекстан Президенті.

 




Көрілген: 753    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.05.2020, 08:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қыркүйек, 00:59
    Праймериз деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30