Саяси сахна

"Премьер-министр есеп берсін": Депутат мемлекеттік аппараттың жұмысын сынға алды

  • "Премьер-министр есеп берсін": Депутат мемлекеттік аппараттың жұмысын сынға алды

Сенатор Қанатбек Сафинов мемлекеттік органдарды шенеуніктердің өз функцияларын беруге асықпағаны үшін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол өзінің депутаттық сауалында елде кейбір мемлекеттік функцияларды бәсекеге қабілетті орта мен өзін-өзі басқару органдарына беру саясаты жүріп жатқанын атап өтті.

 
"2015 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік органдар туралы ережеге сәйкес мемлекеттік функциялардың саны төрт жарым мыңға жуықтады. Қазір бұл функциялардың саны одан да көп болуы мүмкін, себебі тәжірибе мемлекеттік органдардың функцияларын азайтудың емес, көбейтудің жолымен келеді", - деді сенатор.

Қанатбек Сафинов мемлекеттік орган өзінің функцияларының бір бөлігінен бас тартқан жағдайда да, кейде олар сол мемлекеттік органға бағынатын компанияларға ауысатынын атап өтті. Ресми түрде тапсырыс орындалады, функциялар бәсекелестік ортаға беріледі, бірақ іс жүзінде мемлекеттік орган барлығын бақылауда ұстау мүмкіндігін сақтап қалды дейді ол. 

"Ұлт жоспары бойынша, мемлекетке қажет емес бірқатар функциялардың орындалуын кейбір мемлекеттік мекемелерден басқа бағынышты ұйымдарға ауыстыру емес, оларды қысқарту қажет", - дейді Қанатбек Сафинов.

Осыған байланысты сенатор премьер-министрден Үкіметтің осы бағыттағы 2 жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы ақпарат беруін, іске асыру мерзімі мен кезеңдері туралы мәліметпен бөлісуін, сондай-ақ, алдын-алу шаралары туралы есеп беруін сұрады.




Көрілген: 380    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 12:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31