Саяси сахна

Президент Бозжырада қонақ үй салу жобасын қайта қарастыруды тапсырды

  • Президент Бозжырада қонақ үй салу жобасын қайта қарастыруды тапсырды

    Президент Бозжырада қонақ үй салу жобасын қайта қарастыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Бозжыра шатқалындағы қонақ үй құрылысы жобасын қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді", - деді Берік Уәли. 

 
Еске салайық, Маңғыстаудың басты символы саналатын Бозжырада сафари-қонақ үй салады деген хабар тарай сала қоғам белсенділері дүрлікті. Көпшілік құрылысты тоқтатуды талап етті.

Кейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Үркен Бисақаев Маңғыстау облысына келіп, халықпен Бозжыра трактатында қонақ үй салуды талқылады. Ол туристерді орналастыруға арналған орын таудан бір шақырым қашықтықта салынса, ол жойылмайды, керісінше табиғилығын сақтайтынын айтты.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ведомство елдің табиғи байлығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға мүдделі екенін хабарлады. Осыған байланысты Бозжырадағы объект заңға сәйкес қоғамдық тыңдаудан, экологиялық сараптамадан, қоршаған ортаға әсерді бағалау кезеңінен (ҚОӘБ) өтуі тиіс.




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2020, 23:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31