Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Президент Жансейіт Түймебаевты қызметінен босатты

11 ақпан 2021, 00:58

Ол бірнеше жауапты қызметті атқарған. 

Президент өкімімен Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Жансейіт Түймебаев бұрын Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде, Президенттің Протоколы қызметінде жауапты қызметтер атқарған.