Саяси сахна

Президент Жээнбеков Атамбаев ісі туралы пікір білдірді

  • © azattyq.org

    © azattyq.org

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев ісі туралы пікір білдірді.


Шу облысында 31 шілдеде өткен тұрғындармен кездесу кезінде журналистер сұрағына жауап берген президент "Атамбаевтың ісі заң аясында шешілуі керек. Барлық адам заңға бағынуы тиіс" деді.


"Қырғызстандықтардың Атамбаев ісіне қатысты мені не дер екен деп отырғанын білемін. Атамбаевқа қатысты болып жатқан оқиға, оның тергеуге шақырылуы – заңды құбылыс. Құқықтық мемлекетте заң аясында ғана әрекет ету керек. Адам кім болса да, бұрынғы президент пе, шенеунік пе, әскери не қарапайым қызметкер ме – заң алдында бәріміз теңбіз, бәріміз заңға бағынуымыз керек. Сонда ғана ел дамиды. Атамбаевтың ісі де Қырғызстан заңнамасының аясында шешілуі керек" деді Жээнбеков.


Бұл – Жээнбековтің Атамбаев ісіне қатысты алғаш рет пікір білдіруі.


Қырғызстан ішкі істер министрлігі бұрынғы президентті үш рет тергеуге шақырғанымен, Атамбаев ешбіріне бармаған. Оның заңды өкілі Сергей Слесаревтің сөзінше, 2003 жылғы президент қызметі туралы заңға сәйкес, Атамбаевтың тиіспеушілік мәртебесі бар. "Сондықтан полицияның тергеу кел деп жіберген шақыртуларының заңды күші жоқ" дейді Атамбаевтың адвокаты.


27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған. Қырғызстанның бұрынғы президентіне қызметте жүріп жемқорлыққа жол берді, өкілетін асыра пайдаланды және заңсыз байыды деген сияқты жалпы саны бес айып тағылған. Атамбаев бұл айыптардың бәрін жоққа шығарып, үстінен қозғалған істің саяси астары бар деп мәлімдеген.


www.azattyq.org 




Көрілген: 647    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.08.2019, 11:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31