Саяси сахна

Президенттің атынан жалған ақпарат таратылып жатыр - Тоқаевтың баспасөз хатшысы

  • © Sputnik / Григорий Сысоев

    © Sputnik / Григорий Сысоев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде ресми тіркелген екі парақшасы ғана бар, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.



Оның айтуынша, соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде мемлекет басшының атынан ашылған жалған парақшалар көбейіп кетті. Сол арқылы біреулер жалған мәлімет таратады, ал тағы біреулер коммерциялық мақсатта пайдаланды екен.


Тоқаев туралы қызықты мәліметтер: руы, отбасы, еңбек жолы, сүйікті ісі


Сол себепті президенттің баспасөз хатшысы барша әлеуметтік медиа қолданушы мен БАҚ өкілдеріне ескерту жасады.


"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар. Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан - @TokayevKZ, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты", - деп жазды Берік Уәли.


Сөз соңында ол әлеуметтік желі қолданушыларынан президент туралы нақты расталған ақпарат алу үшін аталған ресми парақшаларға ғана жүгінуді сұрады.


 Sputnik




Көрілген: 1667    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 19:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30