Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Пусанда Қазақстанның Бас консулдығы ашылады

29 шілде 2021, 17:24

Сыртқы істер министрлігі Пусанда (Корея Республикасы) Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы президент жарлығы жобасын жария талқылауға шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құжаттың түсіндірме жазбасында Пусанда Бас консулдықтың ашылуы Қазақстанның осы бағыттағы жұмысын күшейтеді, сондай-ақ өңірдегі сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық (қазақстандық экспортты ілгерілету, инвестициялар тарту және бірлескен кәсіпорындар құру) саласындағы жұмысты жүйелі негізде құруға мүмкіндік береді делінген.

Құжатты жария талқылау 12 тамызға дейін жалғасады. Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.

Пусан - көлемі жөнінен Оңтүстік Кореяның Сеулден кейінгі екінші үлкен қаласы. Елдегі ең үлкен порт.

Tengrinews.kz.