Саяси сахна

Путин ресейлік бітімгерлер Қарабаққа кіретінін мәлімдеді

  • Путин ресейлік бітімгерлер Қарабаққа кіретінін мәлімдеді

    Путин ресейлік бітімгерлер Қарабаққа кіретінін мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путин "Россия 24" телеарнасы эфирінде Әзербайжан мен Армения арасындағы соғыс әрекеттерін тоқтату және Таулы Қарабақта бітімгерлік режимін орнату туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Путин 10 Қарашада таңертеңнен бастап Қарабақ қақтығысы аймағындағы барлық әскери әрекетті толығымен тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойғаны белгілі болды.

Путиннің айтуынша, Әзербайжан мен Армения өздері қарамағында болған орындарда тоқтайды. Тараптар әскери тұтқындармен және қаза тапқандардың денелерімен алмасуы тиіс. Аймақтың барлық экономикалық және көлік байланыстары ашылып жатыр.

Өңірде ресейлік бітімгерлер орналасатыны айтылады.

"Ресейдің бітімгерлік контингенті Таулы Қарабақтағы байланыс желісі мен Таулы Қарабақты Армения Республикасымен байланыстыратын дәліз бойымен орналастырылып жатыр", - деді Путин.
"Ішкі қоныс аударушылар мен босқындар БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының бақылауымен Таулы Қарабақ пен оған жақын аудандарға оралады", - деп қосты ол.

"Қол жеткізілген уағдаластықтар Таулы Қарабақ төңірегіндегі дағдарысты әділ негізде және армян және Әзірбайжан халықтарының мүдделері үшін ұзақ мерзімді және толық форматты реттеу үшін қажетті жағдайлар жасайтынын негізге аламыз", - деп атап өтті Ресей басшысы.




Көрілген: 726    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 09:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31