Саяси сахна

Сайлау уақытында Қазақстанда бірқатар талаптар енгзіледі

  • Сайлау уақытында Қазақстанда бірқатар талаптар енгзіледі

    Сайлау уақытында Қазақстанда бірқатар талаптар енгзіледі

Қазір пандемия кезіндегі сайлау өткізу форматы мен қабылданатын шаралар талқылануда. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, талаптардың 3 негізгі санаты алдын ала анықталды: біріншісі &ndash процесті ұйымдастыруға, екіншісі &ndash сайлаушыларға, үшіншісі &ndash күні бойы сайлау учаскелерінде болатын адамдарға қойылатын талаптар.

 
"Орын жайда байланыссыз термометрия, ағындарды міндетті түрде реттеу, әлеуметтік қашықтық, бетперде тағу режимі, санитайзерлерді пайдалану, COVID-ке күдікті науқас немесе кез келген температуралық науқас анықталған жағдайда оқшаулағыш болуы керек. Сайлаушыларға қойылатын талаптар &ndash маскалар тағу, антисептиктер қолдану және әлеуметтік қашықтықты сақтау. Эпиджағдайдың тұрақсыз екенін ескере отырып, өңірлер сайлау өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызылдан сары аймаққа және жасылдан сарыға үнемі ауысып отырады, сайлау учаскелерінде ұдайы болатын адамдар санатын міндетті түрде тестілеу мәселесі қаралуда. Бұл, заңға сәйкес, сайлау комиссияларының мүшелері, бақылаушылар, сенімді адамдар. Тестілеу қызыл және сары аймақтардағы өңірлер үшін тек өңірлер бөлінісінде ғана емес, 25 желтоқсаннан бастап дауыс беру сәтіне дейін аса қауіпті аймақта болатын өңірлердегі аудандық деңгейде де міндетті болады деген мәселені қарау жоспарлануда. ПТР әдісімен COVID-19 тестін сайлау басталғанға дейін 5 тәуліктен ерте емес, яғни 5-9 қаңтар аралығында тапсыру қажет", - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.

ПТР тест тегін болады. Ол үшін Денсаулық сақтау басқармасында сайлау комитетінің мүшесі, бақылаушы немесе сенімді тұлға мәртебесін растайтын құжатты көрсетіп тіркелу қажет.

"Бұл тестілеуге қолжетімділікті қамтамасыз ету, тізімдер құру, ағындарды реттеу және осы сынақтар өткізілетін зертханаларды анықтау үшін қажет. Осы шаралардың барлығы сайлау өткізу мен сайлау процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоспарланған. Шаралар мен тәсілдер әлі де түзетілуі мүмкін. БАҚ өкілдері сайлау учаскелерінде тұрақты болмайтындығын ескере отырып, оларға ПТР тестілеу бойынша талаптар қойылмайды", - деп қорытты комитет басшысы.

Stan.kz




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 19:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31