Саяси сахна

Сайлауда сыйлықтар беріле ме – комиссия өкілдері жауап берді

  • Сайлауда сыйлықтар беріле ме – комиссия өкілдері жауап берді

    Сайлауда сыйлықтар беріле ме – комиссия өкілдері жауап берді

Сайлау комиссиясының төрағасы нақты қандай сыйлықтар болатынын айта алмайтынын алға тартты. Себебі оны демеушілер шешеді. Бюджетте сыйлықтарды сатып алуға қаржы қарастырылмаған. Алайда әрбір қаланың сайлау учаскесі демеушілердің көмегімен шағын сыйлықтар жасай алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтанда алғаш рет дауыс беретіндерге және қарияларға сыйлық беру дәстүрі жалғасуы мүмкін. Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісованың айтуынша, қазіргі кезде осы мәселе демеушілермен талқыланып жатыр.

"Енді, біз ол салтты бұзбайық деп, демеушілермен сөйлесіп жатырмыз. Өйткені сыйлықтардың қаржысы бюджетте қарастырылмаған. Ондайда меценанттар мен демеушілер болса ғана жасауға мүмкіндік бар. Қазіргі кезде ол мәселе пысықталып жатыр", &ndash деді Бектемісова.

Оның айтуынша, сайлау күні 18 жасқа толатындар болады. Сосын сайлау учаскесінде ең бірінші болып дауыс беретіндер бар. Бұған дейін қарияларға да кішігірім сый-сыяпаттар тапсырылған болатын.

"Соның бәрін пысықтап жатырмыз. Ертең нақты болады деп айтпай-ақ қояйын. Дегенмен, осы мәселені қолдан келгенше шешуге тырысып, демеушілерді іздеп жатырмыз. Енді, біреуіне беріп, екіншісіне бермесек, тағы болмайды. Нұр-Сұлтанда халық көп қой", &ndash деді Бектемісова.
Сайлау комиссиясының төрағасы нақты қандай сыйлықтар болатынын айта алмайтынын алға тартты. Себебі оны демеушілердің өздері шешеді.

"Демеушілер не береді, соны таратамыз. Бізге сыйлықтарды бір күн қалғанда әкеліп береді", &ndash дейді ол.

Ал Алматыда сайлаушыларға ешқандай сыйлықтар таратылмайды. Ондай жоспар да жоқ. 

"Алматыда ондай болмаған. Сондықтан осы жолы да болмайды. Негізі, сайлау учаскелеріне сыйлық таратуға да рұқсат берілген жоқ. Заңда ондай норма жоқ", &ndash дейді қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Айгүл Халықова.

Сайлаудың ақшасы қалай жұмсалады?
10 қаңтарда мәжіліс мен мәслихаттардың сайлауы өтеді. Заң бойынша мәслихат депутаттарын президент пен сенат депутаттарымен бір уақытта сайлауға болмайды. Ал мәжіліс депутаттарының сайлауымен бірге өткізу заңға қайшы емес.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қазіргі жағдайда осы екі саяси шараны бір уақытта өткізудің арқасында бюджет қаржысын да үнемдеуге болады деп айтқан. Оған қоса, мәжіліс мен мәслихат депутаттарын сайлау жүйесі партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі жағынан ұқсас, үгіт-насихатты бір уақытта өткізуге де мүмкіндік бар.

Жалпы, парламент мәжілісі мен мәслихаттардың сайлау науқанына кететін шығындардың жобалық сметасы 15,3 миллиард теңгені құрайды. Соның ішінде сайлау комиссияларында жұмыс істейтін мамандардың жалақысы да бар. Оларға үш минималды еңбекақыдан төмен болмайтын жалақы белгіленеді. Бұл &ndash заң талабы.

Оқи отырыңыз: Сайлау учаскесінде фото мен видео түсіруге бола ма &ndash ОСК жауабы

Биыл үкімет минималды еңбекақыны 42 500 теңге көлемінде белгілеген болатын. Сондықтан сайлау комиссияларының мүшелеріне, кем дегенде, 127 500 теңгенің (үш минималды еңбекақы &ndash Sputnik) жалақысы төленеді. Сондай-ақ, уақытынан артық жұмыс істегені үшін де ақы төленеді. Бірақ оның көлемі айына 12 сағаттан аспауы тиіс.

Демалыс пен мереке күндері де жалақы төленеді. Бірақ әрбір адамның жұмысқа шыққаны туралы табель жүргізіледі.
Мәжіліс пен мәслихаттарға қанша депутат сайланады
Сайлауда халық партияға дауыс береді. Ал кандидаттардың тізімін партия әзірлейді. Осы жолы сайлауға бес партия түседі. Олар:

Nur Otan;
"Ақ жол" партиясы;
Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы Коммунистер партиясы);
"Ауыл" партиясы;
"Адал" партиясы (бұрынғы "Бірлік" партиясы).
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, алдағы сайлауда 216 мәслихатқа 3 276 депутат сайланады. Соның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мәслихаттары (589 мандат), 36 облыстық мәслихаттар (596) және 163 аудандық мәслихаттар (2 091 мандат) бар. Мәжілістің 98 депутаты да партиялық тізім бойынша сайланады. Бұдан бөлек, тағы 9 депутат Қазақстан халқы ассамблеясының атынан мәжіліске келеді.




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 00:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31