Саяси сахна

Сенат ардагер дипломаттарға қатысты заң жобасын мәжіліске қайтарды

  • Сенат ардагер дипломаттарға қатысты заң жобасын мәжіліске қайтарды

    Сенат ардагер дипломаттарға қатысты заң жобасын мәжіліске қайтарды

Заң жобасын талқылау барысында сенаторлар мәжіліс мақұлдаған құжатқа бірқатар ұсыныстар мен түзетулер енгізді
Сенат "Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасына бірқатар түзету енгізіп, мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заң жобасы 2002 жылы қабылданған "Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы" заңды жетілдіруге бағытталған.

Заң  жобасын талқылау барысында сенаторлар мәжіліс мақұлдаған құжатқа бірқатар ұсыныстар мен түзетулер енгізді.

"Олар: "дипломатиялық қызмет ардагері" ұғымын тағайындау үшін арнайы өкілетті 15 жылдан 10 жылға төмендету және ол бойынша арнайы төлемдерді 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастау. Бұл ұсынысты Республикалық бюджет комиссиясы биыл 25 қаңтарында қолдады", - деді депутат Қайрат Қожамжаров.
Тағы бір түзету &ndash дипломатиялық қызмет персоналы мен оның отбасы мүшелерінің жеке пайдалануына арналған заттар мен техниканы дипломатиялық пошта арқылы жіберу құқығын алып тастау.

Себебі, сенатордың айтуынша, 1961 жылғы "Дипломатиялық қатынастар туралы" Вена конвенциясының ережелеріне (27-бабы 4-тармағы) сәйкес, дипломатиялық поштада дипломатиялық құжаттар мен ресми пайдалануға арналған заттар ғана болуы қажет.

Премьер-министрдің 9 ақпандағы қорытындысында, сенат депуттарының бұл түзетулеріне оң баға берілді.

Осылайша сенат аталған заң жобасын бірқатар түзетулермен мәжіліске кері қайтарды.

Дипломаттар үшін тағы қандай жаңашылдық бар
Дипломатиялық қызмет туралы заңда "Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері" ұғымын бекіту ұсынылады.

Төтенше және өкілетті елші, халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты (өкілетті) өкіл қызметін атқарған немесе төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет ардагерлеріне үкімет айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай төлем төленеді.

Сондай-ақ, әлемдік саясат пен экономика саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында дипломатиялық қызмет органдары жүйесіне ғылыми мекемелерді кіргізу ұсынылады. Осының нәтижесінде сыртқы істер министрлігіне қарайтын сыртқы саяси зерттеулер институтының мәртебесі артады.

"Дипломатиялық пошта" ұғымын енгізіп, Қазақстан үкіметінің, сыртқы істер министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың жоспарлау, жасақтау, ресімдеу және дипломатиялық поштаны жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі функцияларын бекіту көзделген.

Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің құқықтық мәртебесін заң деңгейінде бекіту арқылы оның заңды мәртебесін анықтау және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкілдіктері алдында маңыздылығын арттыру жоспарланып отыр.
 




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.02.2021, 11:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30