Саяси сахна

Сенат Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босатты

  • Сенат Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босатты

    Сенат Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босатты

Қазақстан президенті Жоғарғы сот судьялары Бауыржан Жұмағұлов пен Асқар Смайыловты басқа қызметке тағайындады

Сенат президенттің Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босату туралы ұсынымын қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекет басшысы сенат қарауына Бауыржан Жұмағұлов пен Асқар Смайыловты басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы ұсыным енгізді.

Президенттің жарлығымен жуырда Смайылов Алматы қалалық сотының төрағасы, ал Жұмағұлов Атырау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.

Сенаторлар мемлекет басшысының ұсынымын бірауыздан қолдап дауыс берді.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Жоғарғы соттың бұрынғы судьяларына атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, жаңа жұмыстарына табыс тіледі.

Бауыржан Жұмағұлов туралы не білеміз

Бауыржан Жұмағұлов 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Мамандығы – құқықтанушы, заңгер. Әр жылдары Алматы қаласы прокуратурасында, Ақмола облысы әділет басқармасында қызмет атқарды.

1999-2002 жылдары Астана қаласы соты, 2002-2006 жылдары Атырау қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болған.

2011-2012 жылдары Жоғарғы сот аппаратында, 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жоғарғы сотында жұмыс істеді.

Президенттің 2020 жылғы 13 сәуірдегі жарлығымен Бауыржан Жұмағұлов Атырау облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Асқар Смайылов кім

Асқар Смайылов 1964 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдады.

Әр жылдары Жамбыл облыстық төрелік сотының судьясы, Жамбыл облыстық сотының судьясы, Жамбыл облыстық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы, Жамбыл облыстық соты кассациялық сот алқасының төрағасы қызметтерін атқарды.

2015-2020 жылдар аралығында Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы болды.

Президенттің 2020 жылғы 13 сәуірдегі жарлығымен Алматы қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды.




Көрілген: 490    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.05.2020, 10:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қыркүйек, 00:59
    Праймериз деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30