Сенат спикері Мәулен Әшімбаев пен бірқатар сенатордың өкілеттігі тоқтатылды

24 қаңтар 2023, 17:26

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев пен бірқатар сенатордың өкілеттігі тоқтатылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары:

 

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың;

 

Владимир Васильевич Волковтың;

 

Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың;

 

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіптің;

 

Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның;

 

Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың;

 

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің;

 

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың;

 

Дана Өмірбайқызы Нұржігітованың;

 

Қанатбек Бейсенбекұлы Сафиновтың;

 

Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменнің;

 

Серікбай Өтелгенұлы Трұмовтың;

 

Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттіктері тоқтатылды» делінген хабарламады.