Саяси сахна

Сенат төрағасы: Қазақстандықтардың 86 пайызы қазақ тілін біледі

  • Сенат төрағасы: Қазақстандықтардың 86 пайызы қазақ тілін біледі

    Сенат төрағасы: Қазақстандықтардың 86 пайызы қазақ тілін біледі

Қазақстанда қазақ тілін білетін халық үлесі 86 пайызға жетті. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Экономикалық және әлеуметтік жаңғырудың әлеуметтік базасы және қозғаушы күші ретінде орта санаттың қалыптасуы да маңызды өзгеріс саналады. Тәуелсіздік жылдарының ішінде азаматтарымыздың орташа табысы 13 еседен астамға артқанын айтсақ да жеткілікті. Кәсіпкерлер қатары да артып келеді. Жеке бизнесте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2021 жылдың 1 қаңтарында 1,4 млн-ды құрады. 2005 жылдан бастап бұл үш есеге жуық өсімді құрайды», - деді Сенат спикері Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресінде. 

Оның атап өтуінше, урбанизация қазақстандық қоғамның әлеуметтік стратификациясына ықпал ететін маңызды трендтердің бірі саналады. Тәуелсіздік жылдары қала халқының саны 9 млн-нан 11 млн-ға дейін артып отыр.

«30 жылдың ішінде елдің демографиялық бейіні, халықтың этникалық құрамы өзгеріп, жаңа тілдік орта қалыптасты. Қазақ тілін білетін халықтың үлесі 86 пайызға жетті. Бұл ретте қазақстандықтардың 92 пайызы орыс тілін біледі. Біз – жас ұлтпыз. Қазақстандықтардың орташа жасы шамамен 32-ні құрайды. Сонымен қатар өмір сүру ұзақтығы да ұзарып келеді», - деді Мәулен Әшімбаев.
 ҚазАқпарат. 




Көрілген: 675    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 15:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31