Саяси сахна

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет: Айбатыр Жұмағұловқа қатысты мәселе жоқ, тексеріс жүргізілмейді

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет: Айбатыр Жұмағұловқа қатысты мәселе жоқ, тексеріс жүргізілмейді

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет: Айбатыр Жұмағұловқа қатысты мәселе жоқ, тексеріс жүргізілмейді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов медициналық сақтандыру қорының қызметін тексеру туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасарына медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұловқа қатысты тексеру жүргізіліп жатыр ма деген сұрақ қойылды.

 
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне қатысты біз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргіземіз. Бұл тексеру емес, бизнес-процестерді талдау. Қылмыстық-құқықтық аспект бойынша қордың бұрынғы директорына қатысты сұрақтар туындамайды. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірленеді. ӘМСҚ тиімділігін арттырады», - деді Олжас Бектенов Антикор брифингіде.

Шілде айында қазақстандықтар медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұловтың әйелінің жазбасын талқылады. Қолданушылар Гүлбаршын Заированың күйеуі сыйлаған жаңа автокөлігімен мақтанған жазбасына ашуланды.

Кейінірек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Айбатыр Жұмағұловты қызметінен босату туралы бұйрық беріп, қор жетекшісі қызметіне «неғұрлым іскер» адамды тағайындауды ұсынды.

Жұмағұлов қызметінен босатылды, қордың жаңа басшысы Болат Төкежанов болды.

Шілде айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.




Көрілген: 3576    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.11.2020, 18:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31