Саяси сахна

Танымал тележүргізуші сенат депутаты болып тағайындалды

  • Танымал тележүргізуші сенат депутаты болып тағайындалды

    Танымал тележүргізуші сенат депутаты болып тағайындалды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал тележүргізуші Дана Нұржігітті сенатор қызметіне тағайындады.


 


Ақорданың сайтында жарияланған жарлыққа сәйкес, Дана Өмірбайқызы Нұржігітова, Андрей Иванович Лукин, Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен және Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов Парламент Сенатының депутаты қызметіне тағайындалды. Ал Дариға Назарбаева мен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед осы қызметке қайта тағайындалды.


Айта кетейік, бұған дейін президент бір жарлығымен парламент сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова мен Асқар Бейсенбаевтың өкілеттіктерін тоқтатса, енді бір жарлығымен Нұртөре Жүсіп пен Асқар Шәкіровты сенатор қызметіне тағайындаған болатын.


Дана Нұржігіт туралы не білеміз?

Дана Нұржігітова 1972 жылы 18 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келді. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын "оқытушы, концертмейстер, камералық ансамбльдің солисі" мамандығы бойынша тәмамдаған.


1994-1996 жылдары Абай атындағы ұлттық университетте, одан Күләш Бәйсейітова атындағы республикалық колледжде концертмейстер болып жұмыс істеді. Ал 1997 жылы теледидарға келді. Содан бастап жаңалықтар қызметінің жүргізушісі, "Сәлем, Қазақстан!" бағдарламасының жүргізушісі, продюсері, редакторы, көркемдік жетекші қызметтерін атқарды. "Хабар" арнасында біраз жыл еңбек етті. CaspioNet жобасының продюсері, "Білім" арнасының редакторы болды.


Бүгінде Дана Нұржігіт QAZAQSTAN арнасындағы "Дара жол" бағдарламасымен кеңінен танымал.


 


Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.08.2019, 10:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31