Саяси сахна

Тоқаев: Әлемнің тағдырын футболшылар, шоу-бизнес өкілдері емес, ғалымдар шешеді

  • Тоқаев: Әлемнің тағдырын футболшылар, шоу-бизнес өкілдері емес, ғалымдар шешеді

    Тоқаев: Әлемнің тағдырын футболшылар, шоу-бизнес өкілдері емес, ғалымдар шешеді

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық медицинаны, соның ішінде, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті және медицина ғылымын дамытуға баса мән беру керек екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Қазір бүкіл әлемнің және бүкіл әлемдік экономиканың тағдыры ғалымдардың қолында. Бұл артық айтқандық емес. Әлемнің тағдырын футболшылар, шоу-бизнес өкілдері емес, ғалымдар шешеді. Біз осы жағдайдан сабақ алуға тиіспіз", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев барлық медицина қызметкерлеріне коронавирус пандемиясына қарсы күреске қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Одан бөлек, мемлекет басшысы медициналық бетперде мәселесіне де тоқталды.

Тоқаев халықты бетперделермен жедел қамтамасыз етуді талап етіп, еліміздің барлық азаматтарын үнемі антисептиктерді пайдалануға және бетперде тағуға шақырды.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті.

 
 

Алматы қаласында – 22, Нұр-Сұлтан қаласында – 28, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1.

 

 




Көрілген: 375    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.03.2020, 00:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30