Саяси сахна

Тоқаев жаңадан сайланған Моңғолия президентін құттықтады

  • Тоқаев жаңадан сайланған Моңғолия президентін құттықтады

    Тоқаев жаңадан сайланған Моңғолия президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Baq.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухтың Моңғолия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

"Ciздi Моңғолияның Президенті лауазымына сайлануыңызбен Қазақстан халкының және жеке өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын! Сайлаудағы айқын жеңісіңіз мемлекетіңіздің дамуына қосқан мол үлесіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің нәтижесі және моңғол халқының өзіңізге артқан үлкен сенімі деп білемін. Осы ретте, еліңіздің болашағын жарқын, мерейін үстем етуге бағытталған бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың әрдайым сәтті жүзеге асатынына кәміл сенемін. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өзара құрмет пен жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өpici кеңейгенін ерекше атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы әріптестігімізді дамытуда Сізбен бірге күш-жігер жұмсауға дайын екенімді нақтылаймын", – делінген жеделхатта.


Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухтың аса жауапты қызметіне толағай табыс, отбасына баянды бақыт тілеп, достас моңғол халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік  білдірді.

Еске салсақ, 9 маусымда Моңғолияда Президент сайлауы өтті. Енді жаңа президент елді 6 жыл басқарады.




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

сенбі, 12.06.2021, 18:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31