Саяси сахна

Тоқаев қазақстандық миллиардермен кездесті

  • Тоқаев қазақстандық миллиардермен кездесті

    Тоқаев қазақстандық миллиардермен кездесті

Мемлекет басшысы Ақордада Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушы Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені, сондай-ақ, Ecojer Қазақстан өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы кеңесінің төрағасы Лаззат Рамазановамен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Ләззат Рамазанова мемлекет басшысына "EcoJer" қауымдастығының жұмысы, өнеркәсіп орындарының ауа сапасын ластауын төмендетуге бағытталған технологияларды әзірлеу және енгізу жайында айтқан.

Сонымен қатар жаңа Экологиялық кодекс жобасының негізгі ережелері талқыланды. Оны дайындауға қоғамдық бірлестіктер белсене атсалысқан.

Президент экологиялық заңнаманы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажеттігіне тоқталды.

Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе президентке цифрлық қызмет көрсету сервисінің және тиісті экожүйенің даму стратегиясы, сондай-ақ, Қазақстандағы электронды коммерцияның өсу перспективалары туралы баяндады.

Әсіресе компанияның шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жөніндегі жоспарына ерекше мән берілді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысына Kaspi.kz компаниясының акцияларын алдағы уақытта Лондон қор биржасы мен Астана халықаралық қаржы орталығының алаңдарына ашық түрде орналастыруға дайындық жайы айтылды.

Президент қазақстандық банктің жұмысына техникалық инновацияларды енгізудің маңызды екенін атап өтті.




Көрілген: 1512    Пікірлер: 0

жұма, 21.02.2020, 23:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30