Тоқаевтың арнаулы өкілі Ауғанстанға не үшін келді

17 қазан 2021, 20:27

Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен бірлесе отырып, Ауғанстан халқына гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту бойынша ынтымақтасуға ниетті

Қазақстан республикасы президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Кабул қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасаөз қызметі хабарлады.

"Сапар барысында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланады", - делінген хабарламада.
Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен бірлесе отырып, Ауғанстан халқына гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту бойынша ынтымақтасуға ниетті.

sputnik.kz