Саяси сахна

«Тоқаевтың бүгінгі шешімі – қазақ тарихына алтын әріппен жазылып қалатын оқиға болды» - Ауыт Мұқибек

  • «Тоқаевтың бүгінгі шешімі – қазақ тарихына алтын әріппен жазылып қалатын оқиға болды» - Ауыт Мұқибек

    «Тоқаевтың бүгінгі шешімі – қазақ тарихына алтын әріппен жазылып қалатын оқиға болды» - Ауыт Мұқибек

Президенттің «Шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын» - деуі қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім болып отыр. Тоқаевтың Ұлттық сенім кеңесі отырысында сөйлеген сөзіне қатысты ақын, Президент жанындағы ұлттық кеңестің мүшесі Ауыт Мұқибек осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ерекше тоқталып айтайын дегенім, ұзақтан бері дау болып, халықтың көңілін күпті қылып келе жатқан Жерге байланысты мәселеге нүкте қойылды. «Шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын»-деді Президент. Осы тапсырманы тез арада орындауды ұйғарды. Жалпы, жұрттың күткені де осы еді. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолы арқылы қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім болды», - деді ол.

 Ауыт Мұқибек Мемлекет басшысының бұл шешімін тарихи оқиға ретінде бағалап, оған алғысын білдірді.

«Тағы бір риза болғаным, Қасым-Жомарт Кемелұлы тоқталып, тапсырма берген бес мәселенің бесеуі де қарапайым халықтың өмірі мен тұрмысына қатысты болғаны. Мысалы, тұрғын үй және экономика саясатын жетілдіру. Ендігі уақытта ауылдық жерлерге тұрғын үй салған компаниялардың жалпы шығынының жартысын үкімет төлеп беретін болды. Бұл да керемет бастама дер едім. Ауыл халқының қалаға ағылуын тоқтатуға, ауыл шаруашылығын дамытуға өте пайдалы шешімге жатқызамын», - деді сарапшы.

Президент мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдетуді тапсырған болатын. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мәселесін де Кеңес мүшесі  Ауыт Мұқибек қолдады.

«Шыны керек, «Нұр Отан» партиясына мүгедектік мәртебе алудың қиындығы туралы азаматтар көп арызданады. Міне, Құдайға шүкір, бұл мәселе де өз шешімін тапты. Осы жерде бір мәселені тағы қайталап айта кетейін, жемқорлық жайлаған бір сала осы. Барлық жемқорлық Заңнамадағы анықтама мен жоба жасап әкелуді талап ететін жерден басталады. Мүмкіндік бар, біз осыдан арылуымыз керек!», - деді ақын.

Skifnews.kz




Көрілген: 1971    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 21:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30