Саяси сахна

Трамп Crew Dragon ұшырылғаннан кейін ғарыш саласының болашағын болжады

  • Трамп Crew Dragon ұшырылғаннан кейін ғарыш саласының болашағын болжады

    Трамп Crew Dragon ұшырылғаннан кейін ғарыш саласының болашағын болжады

Дональд Трамп Илон Масктың SpaceX компаниясына тиесілі Crew Dragon кемесін іске қосқаннан кейінгі ғарыш саласының болашағы туралы болжам жасады. Америкалық көшбасшының айтуынша, енді бұл сала жеке компанияларға тиесілі болады. Бұл туралы ол Флорида штаты, Канаверал ойындағы ғарыш айлағында журналистердің алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Құттықтаймын, Илон Маск. Бүгінде НАСА мен SpaceX ынтымақтастығы біздің еліміз үшін үлкен жетістікке айналды", - деді Трамп. Ол сондай-ақ, АҚШ алдағы уақытта салық төлеушілер үшін белгіленген баға бойынша жеке компаниялардың ғарыш кемелерін пайдалануға ниетті екенін айтты.

 

30 мамыр күні сағат 22:22-де Crew Dragon басқарылатын ғарыш кемесі бар Falcon-9 зымыраны Джон Фицджеральд Кеннеди атындағы ғарыш орталығының 39-шы старттық кешенінен басталды. ХҒС-ға ұшу Crew Dragon үшін екеніші рет болғанымен, бортында экипажды бірінші рет алып ұшты. Crew Dragon мен ХҒС түйісуі ұшқаннан кейін шамамен 19 сағаттан кейін болуы керек.

 

Тоғыз жыл бойы ХҒС - қа "Союз" сериялы ресейлік ғарыш кемелері ғана жеткізіледі. НАСА мен "Роскосмос" арасындағы келісім шарт бойынша ХҒС-ға бір астронавтты жеткізу құны 90 миллион долларды құрайды. Келісім шарт 2020 жылдың қазан айында аяқталады.




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.05.2020, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31