Саяси сахна

Түрікменстан президенті Бердімұхамедов жаңа кітап жазды

  • Түрікменстан президенті Бердімұхамедов жаңа кітап жазды

    Түрікменстан президенті Бердімұхамедов жаңа кітап жазды

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов «Тәуелсіздік – бақытымыз» атты жаңа кітабын жазып шықты. Бұл туралы жексенбіде үкіметтің «Нейтральный Туркменистан» орыс тілді газеті мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы кітабы туралы өзі басқарып отырған түрікмен Парламентінің жоғарғы палатасы – Халк Маслахат (Халық кеңесі) отырысында айтты. Түрікменстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған отырысқа депутаттардан басқа елдің барлық басшылығы қатысты.

«Түрікменстан басшысы жиналғандарға «Garaşsyzlyk – bagtymyz» («Тәуелсіздік – бақытымыз») деп аталатын тағы бір кітабын аяқтағанын айтып, қорытынды сөз сөйледі», – делінген газетте.
Президент тәуелсіздік – өлшенбейтін ұлы ұғым екенін атап өтті.

«Бұл сөзде ержүрек ата-бабаларымыздың еркін және бақытты өмірі туралы армандары мен ұмтылыстары, даңқты өткеніміз, сүйікті Отанымыздың бүгіні мен болашағы жатыр», – деді президент.
Бердімұхамедов жаңа кітабында ел тәуелсіздігінің ұлттық тамыры мен тарихын ашуға, сондай-ақ қазіргі заманның негізгі міндеттерін шешуде бейтарап мемлекеттің халықаралық-құқықтық мәртебесінің ролін баяндауға тырысқанын атап өтті.

«Кітапта әлемдік қоғамдастықтың барлық мүшесін біріктіруге бағытталған жоғары мақсаттарды одан әрі іске асыру мүмкіндіктері жан-жақты талданған. Ол оқырмандарға халықтарды бейбітшілік, прогресс және бүкіл адамзаттың жарқын болашағы үшін біріктіретін идеялардың тұрақты мәнін ашады», – деді Бердімұхамедов.
Ол жаңа туынды қызықты әрі пайдалы болатынына, сондай-ақ, Түрікменстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына сыйлық болатынына сенім білдірді.

Түрікменстан президенті түрікмен тарихына, ахалтеке жылқыларына, түрікмен кілемдеріне, музыкаға, тамақ дайындауға, шайға, мақал-мәтелдерге, түрікмен алабайларына және басқа да тақырыптарға арналған бірқатар жұмыстың авторы. Гурбангулы Бердімұхамедовтің шығармаларының электрон кітапханасында 60-тан аса кітап бар, олардың көбі шет тілдеріне аударылған.

Tengrinews.kz




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.09.2021, 15:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31