Саяси сахна

"Түсіме қызыл жолбарыс кіріп, бәрі дұрыс болады деп аян берді": Елбасы елорданы көшіру туралы шешімге қалай келгенін айтты

  • "Түсіме қызыл жолбарыс кіріп, бәрі дұрыс болады деп аян берді": Елбасы елорданы көшіру туралы шешімге қалай келгенін айтты

Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданы өзгерту туралы шешімге қалай келгенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

"Совет одағы құлап, Қазақстан жеке мемлекет болып аяққа енді тұрып жатқан еді. Ол кезде халыққа зейнетақы төлеуге қаражат жоқ болатын. Мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы төлейтін де қаржы жоқ. Елорданы көшіру туралы шешім үлкен тәуекелділікті талап етті. Бір күні Сара Алпысқызы "Елдің бәрі бұған қарсы болып жатыр. Не себепті сен мұндай шешімге барып отырсың?" деп сұрады. Сол кезде оған "Нұраның жағасында туған қыз емессің бе, сені ауылыңа алып бара жатырмын, қуанбайсың ба?" деп қалжыңдадым. Бірақ шын мәнінде, олардың барлығы менің жағдайымды ойлады. Менің мұндай шешімге келгенім - саяси тағдарым бәйгеге тіккенім. Қазақтың "Тәуекел деген жел қайық, өтесің де кетесің, қайғы деген тұңғиық, батасың да кетесің" деген мақалы бар емес пе? Осы жылдардың ішінде мен талай тәуекелге бардым. Сол тәуекелдердің ең үлкені осы астананы көшіру болды. Бірақ оның барлығы орындалды. Мен әрқашан түйсігіме сеніп келдім, түйсігім ешқашан мені алдаған емес", - дейді Назарбаев. 

Оның сөзінше, елорданы өзгерту туралы шешім қабылданар кезде оның түсіне жолбарыс кіріп, аян берген. 

"Алладан тілегенде бір жерден сыбыр келеді. Мен Қарасай батырдың тоғызыншы ұрпағымын. Оның ұрпақтарының жанында Қарасай батырдан қызыл жолбарыс жүреді деген аңыз бар көрінеді. Ол жолбарыс Қарасайдан Сүйінбайға, одан кейін Жамбылға көшіпті. Бір күні сол қызыл жолбарыс менің де түсіме кірді. Түсімде анам марқұм екі жолбарысты екі жағына жетектеп, үйге келе жатыр екен. Сол жолбарыстың бірі басын көтеріп, қазақша "бәрі дұрыс болады, қорықпа, жаса" деді. Шамамен 1994-1995 жылдары. Осы кезде шешім қабылданып қойған, бірақ ешқандай жұмыстар жүргізілмеді. Міне, осы түс маған жігер сыйлады. Ары қарай тәуекел етіп, астананы көшірдік", - деді Елбасы. 

Еске салсақ, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев елорданың атауын өзгертуге қарсы болғанын айтқан еді. 




Көрілген: 948    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 12:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30