Саяси сахна

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері Қазақстанның жаңа вице-министрі болып тағайындалды

  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері Қазақстанның жаңа вице-министрі болып тағайындалды

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері Қазақстанның жаңа вице-министрі болып тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Ержан Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің жергілікті салық секторында аға салық инспекторы болып бастаған.

1999 жылдан 2004 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде жұмыс істеді.

2004 жылдан 2014 жылға дейін қаржы министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2014 жылғы наурыздан қарашаға дейін - президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы.

2014 жылғы қарашадан 2017 жылға дейін қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің даму және жаңғырту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2017 жылғы қаңтардан наурызға дейін - "Қазимпэкс" республикалық орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары.

2017-2018 жылдары - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлім бастығы.

2018 жылдан 2020 жылдың сәуір айына дейін "ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып жұмыс істеді.

2020 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жұмысын бақылау және үйлестіру департаментінің басшысы лауазымын атқарды.




Көрілген: 2054    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 12:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30