Саяси сахна

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

  • Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

    Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды



Су жаңа қызметтік көлік мініп жүріп, миллион теңгеге жуық жалақы алып жүрсе де, мүлік салығын төлемей, борышкерлер тізіміне ілінгендердің ішінде депутаттар да бар болып шықты. Мәжілісмендер бірінші қазанда аяқталатын қаржылық міндеттемесін ұмытып кеткен сияқты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 


Божко


Сурет: facebook.com


Салық төлемей жүргендердің жалпы саны елімізде 800 мыңнан асады екен. Ал, биылғы қазанда аяқталған шекті мерзімінен кешіккендердің тізіміне депутаттардың бар екенін Жамилә Маричева есімді журналист әлеуметтік желіде жариялаған болатын. Оның жазуынша, ең қомақты борышы бар мәжіліс спикерінің орынбасары Владимир Божко.


Соңғы уақытта көп сынға ұшырап жүрген депутаттың төленбеген салығы екі жүз отыз бес мың теңгеге жуық екен. Атырау облысының әкімі болған Бақтықожа Ізмұхамбетов та жүз қырық жеті мың теңгені уақытындатөлеуді ұмытып кеткен сияқты. Коммунистер фракциясының серкесі Айқын Қоңыров та жүз тоғыз мың теңге салығын төлемеді деп тізімде тұр. Ақжол партиясының атынан президенттікке үміткер болған Дәния Еспаева да борышкерлер қатарында болды. Артынан мәжілісмендердің бәрі мемлекет алдындағы қарызынан құтылды деген ақпарат таралды. 


«Салық коммитетінен мынанша теңгелік борышы бар деп қағаз келуі керек еді. Бірақ та, ол қағаз келген жоқ. Мүмкін, мен бұны салық органының порталынан қарауым қажет шығар, алайда қағаз келмеген соң мен де оған мән бермедім. Борышымды кеше төледім, онда тұрған ешнарсе жоқ» -деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәния Еспаева журналистке берген сұхбатында. 


 



 

 




Көрілген: 955    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.10.2019, 11:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30