Саяси сахна

Заңсыз саудамен күрес: Үкімет қаржы министрлігіне тапсырма берді

  • Заңсыз саудамен күрес: Үкімет қаржы министрлігіне тапсырма берді

    Заңсыз саудамен күрес: Үкімет қаржы министрлігіне тапсырма берді

Бүгін қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов заңсыз сауда айналымына тосқауыл қоюға қатысты тапсырма берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Смайыловтың айтуынша, қаржы министрлігі алдында басымдықты транзиттік бағыттар бойынша кеден бекеттерін жаңғырту мен автоматтандыру, сондай-ақ кедендік рәсімдеу уақытын 5 есеге қысқарту міндеті тұр. Сонымен қатар ол шекарада заңсыз тауар айналымына тосқауыл қоюға қатысты тапсырма берді. "Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе наурыз айының соңына дейін шекарада заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл кешенді жоспары бойынша қадамдарды әзірлеп, Үкіметтің қарауына енгізуі керек", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары. Естеріңізге сала кетейік, жақында Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымы объектілерінің құрылыс барысын, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік және су-энергетикалық әлеуетінің дамуын тексерді. Шымкентте үкімет басшысына өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысы туралы баяндалды. Оны биыл қазан айында іске қосу көзделген. Асқар Мамин биыл пайдалануға беру жоспарланған Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы көлік жолайырығының құрылысын тексерді. 




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 13:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30