Психология

МНЕМОТЕХНИКА – БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ҮШІН ТАБЫСТЫ ӘДІС

  • МНЕМОТЕХНИКА – БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ҮШІН ТАБЫСТЫ ӘДІС

    МНЕМОТЕХНИКА – БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ҮШІН ТАБЫСТЫ ӘДІС

Г.Ж. Сәулембекова,

№ 22 «Әлем» балабақшасы

даярлық тобының тәрбиешісі,

Астана қаласы


Балаларды жан-жақты дамыту, олардың барлық кемістіктерін жөндеу, мектепке дайындаудағы балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу - бас мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындаушылар. Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес,:

-сөздік қорының кемдігі;

-сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;

-дыбыстау кемшілігі;

-берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;

-өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.

Бұл себепте балаға қалай көмек беруге болады? Өз ойын жеткілікті айтуға, байланысты, ретімен, грамматикалық дұрыс сөйлеуге қалай көмек береміз?

Мнемотехника – дегеніміз не? Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер:

- Көрнекіліктер, дидактикалық ойындар; суреттер; буындық кестелер; тірек-сызба; үлгілер т.б/

- «ЖИНАҚТАУШЫ»-сөйлеу материалдарын безендіру.

- жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтар, саусақ гимнастикасы, тыныс алу жаттығулары, т.б/-.

Балабақша жасында көрнекілік-бейнелік есте сақтау және есту , суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника. Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.

Мнемотехника - оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет.

Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті .

Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.

Схема - мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады.

Оны біз қолданатын кезіміз:

Сөздік қорын байыту үшін

Әнгіме құруға ұйретуге

Көркем әдебиетті мазмұндауда

Жұмбақ жасыру және шешуде

Өлең жаттауда

Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады.

Мнемокестені қолдану 3 этаптан тұрады:

Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.

Мәліметтерді кодтандыру, белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру.

Колдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді.

Бұл суреттерді салу үшін суретші қабілетін білу керек емес: әрбір тәрбиеші символдық бейнелеуді жасай алады.

Өз тәжірибем бойынша көп қиындыққа кезіктім.

Әңгіме мазмұны көбінде бірдей болатын. Айырмашылығы тек сөйлем санында немесе толықтығында. Бірінші әңгімелер тек қана сөз тіркестерден тұратын: бастауыш-баяндауыш болып. /мысық жатыр,басқасы ұйықтап жатыр/,қайталау сөздерден /сосын, кейін/, сөйлем арасындағы ұзақ үзілістерден. Бастысы - бала өзі әңгіме құрамайды, алдындағы әңгімені қайталайды. Жалығып отырған балаларға жиі ескерту беріп отырдым. Ол тек 30-40 секундқа жететін. 4-5 баланы ғана сұрап үлгеретінмін, қалғандары немқұрайлы тыңдаушы болатын. Айтарым, бұданда қызықсыз сабақ менде болмаған. Бірақ , осындай сабақ жүргізілуі және оң нәтиже беруі тиіс. Өйткені, бала мектепте сурет бойынша әңгімелей алу керек. Сурет бойынша әңгіме құру үшін сөз байлығын кеңейту керек. Жұмысты бірінші мнемоквадраттан құраймыз ,сосын мнеможолға көшеміз , мнемокестеде не бейнелеуге болады? Негізі, мнемокесте - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерлерінің немесе табиғат құбылысының суреті,болмаса өзіне белгілі заттың бейнесі.

Кіші және орта балабақша жасындағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беру керек, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады: шырша-жасыл, жидек- қызыл. Кейіннен суретті кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады.

Мысалы: түлкі-тоқсары геометриалық пішіннен тұрады. (үшбұрыш,шеңбер) аю - үлкен қоңыр шеңбер, т.б.

«Күз» тақырыбына бейнелеген суреттер :



 


Ересектер тобының балаларына схеманы бір түсті етіп жасаған дұрыс, өйткені зейінің символикалық бейненің түсіне бөлмеу үшін.

Дайын модельдік схемалар барлық кезде мазмұнына сай болмайды, сондықтан оны балалармен толтырып отырамыз.

Балалармен бірге ""Қыс", "Жаз", "Күз", "Көктем" блогтары бойынша мнемокесте жасадық.

Осы схемалар монолог құрудағы көрнекілік жоспар болып табылады.

Әңгіме барысын,

Әңгіменің айтылу кезеңін.

Әңгіменің лексико-грамматикалық толықтауын құруға көмектеседі.

Модель жасау тәсілін қолдану- есте сақтау процессін және мазмұнын ұғынуға көмектеседі. Бұл салада көру, есту анализаторлары жұмыс істейді. Балалар суретті тез еске түсіріп, сонынан сөздерін еске түсіреді.

Мнемокесте қолданылған дамыту сабақтардың нәтижесінде, балалар әңгіме, ертегі, тақпақтарды оңай құрастырып, жаттап алады.

Мнемотехника тиымдылығын сабақ барысында көрсетейін:

Тақырып: Көктемгі күнге саяхат.

Мақсаты:

1. Созылмалы түрде «ү» дыбысын айту.

2. Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру.

3. Тіл байлығын дамыту.

4. Бояу түстері туралы білімін бекіту.

Дидактикалық құралдар: мнемокесте «Көктем», үстел- кеме жіберуге. Кемелер-оригами тәсілімен.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз көктемгі күнге саяхатқа барамыз. Тез жиналып, вагондарға отырыңдар.

Уақыт болды, пойыз жылжыды!

Балаларды бір- біріне тіркестіріп жүргізе , «чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш» дыбыстауын қадағалаймын.

Тәрбиеші: Міне, келдік. Балалар, біздің күнімізді бұлт басыпты,қане, бәріміз сиқырлы кестемізге қарайық. Орындыққа жайғасыңдар.

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Сендер қайдан білдіңдер көктем екенің?

Балалар:

-күн ысыйды.

-қар ериды

-кішкентай шалшықтар пайда болады, онда қағаз кеме жіберуге болады.

-құстар жылы жақтан ұшып келеді.

-шөп шығады.

-гүлдер шығады.

Ал, балалар, мен жұмбақ жасырам, шешімін табыңдаршы.

Қар ,су еріп,

Жапырақ шығып,

Жылғалардан су ағып,

Құстар кайтатын

Қай мезгіл?

Балалар:

Көктем.

Тәрбиеші:

Дұрыс, балалар. Бұл көктем.

Ал, қазір, балалар, тек қана көктемге қатысты суреттерді таңдаймыз.

Балалардан сұраймын , қандай сиқырлы карточка таңдағаның. Неліктен?

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

Осы кезде тышқан- теңізші жүгіріп келіп қағаз кемелер беріп қашып кетеді.

Тәрбиеші:

Балалар, маған жақын келіңдер. Қазір біз кемелерді суға жібереміз.

/балалар кемелерді суға жібереді./

Нәтиже: Көктемде шалшықтарға қағаз кеме жіберіп ойнаймыз.

Көктемдегі киім өзгерістерін айтыңдаршы.

-жұқа киінеміз.

-тоң кимейміз.т.б.

д/о «көктемде неше ай бар? атаңдар»

келесі ойын ,балалар, « Сөз ойлап тап»

/көктем,көк, көкшіл,көктемгі/

Тағы бір ойын «Сөйлемді дұрыс жайғастыр»

1. Ысыйды күн көктемде.

2. Шығады ағашта жапырақтар.

3. Ағады жылғалардан су.

4. Жер ашады , гүлдер көгереді.



Байланыстырылған сөйлем құру. /сурет бойынша/

Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріп,шалшықтарға жиналды. Жылғалардан су ағып, біз қағаз кемелер жібердік. Жаңбыр жауса да, күн жылы. Ағаштар бүршік атып, жерге шөп шығады.

Гүлдер шыға бастайды. Жәндіктер жылынып, шыға бастайды. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Біз оларға жемсалғыш ілеміз. Көктем қандай тамаша!

Есік қағылып қонаққа қарға келеді.:

-сәлеметсіңдер ме ,балалар? Мен, аспанда ұшып жүріп , сендерді көріп, қонаққа келдім. Сендер менің бауырларым туралы не білесіңдер?

/балалардың жауабы, қыстайтын және ұшып кететін құстар туралы./

Бірінші тапсырма: « Қарға сияқты қарқылдай аласыңдар ма?»

Фонетикалық жаттығу:

-бала қарға бәсен дауыспен: қарқ-қарқ-қарқ.

-ана қарға орташа дауыспен : қарқ-қарқ-қарқ.

-әке қарға қатты дауыспен: қарқ-қарқ-қарқ.

Екінші тапсырма: саусақ гимнастикасы: « Қарға,қарға,қарғалар»

Қарға, қарға,қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Олар тамақ пісірді,

Су әкелді,

Ағаш жарды,

Балаларға тамақ берді.

Енді , балалар,мен құстар туралы жұмбақ жасырам, сендер жауабын тауып, олардың ішінен ұшып келетін құстарды бөліңдер.

Келесі тапсырма «көктем сөзінде неше буын, неше дыбыс бар?»

Сергіту сәті:

Кәне, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Торғай болып қонайық.

Сауысқан боп секіріп,

Тоқылдақ боп шоқиық.

Қарға: Мен, күн жарықта бауырларыма жетіп алайын, сендерге көп рахмет. Көптеген қызық көрдім. Оны бауырларыма айтып барамын. /балалар қоштасады./

д\о «Көктем:жақсы -жаман»

жақсы: жаман:

күн жылынады шалшықтар пайда болады

гүл өседі ауа райы белгісіз жағдайда болады

табиғат құлпырады


Ал, балалар, біз бүгін көктем туралы көп әңгімелестік, енді мен сендерге көктем туралы әңгіме оқып берейін./рефлексия/

Эмоция арқылы әңгімені талқылау.

Мнемокесте арқылы әңгіме құру.


Бірақ, жалғыз мнемокестемен шектелуге болмайды. Бұл тек, басты тиымды жұмыс, өйткені мнемокестені қолдану балалардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Мнемокесте қолдана отырып, үстел ойындары, сөздік ойындарды пайдалану керек. Сонда ғана баланың тілі дұрыс және жеткілікті дамиды.


Резюме: Баяндамада балалардың тілін дамыту үшін мнемотехниканы әдісін пайдаланудың тиімділігі мен оны пайдалану жолдары қарастырылған.

Резюме: В статье раскрыто использование мнемотехнических приемов и методики для развития речи детей дошкольного возраста.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1 Полянская Т. Б. «Использование метода мнемотехники в обучении рассказыванию детей дошкольного возраста», 2009.

2 Большева Т. В. «Учимся по сказке. Развитие мышления дошкольников с помощью мнемотехники», 2001.

3 Чохонелидзе Н. «Учим стихи по картинкам», 2006.

4 Белоусова С. «Развитие лексики и грамматического строя речи у дошкольников», 2005.

5 Белоусова Л. Е. «Весёлые встречи», 2003.




Көрілген: 35031    Пікірлер: 3

сәрсенбі, 04.02.2015, 11:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31