Психология

Оқушы неге мектепке барғысы келмейді?

  • ©go.mail.ru

    ©go.mail.ru

Соңғы 10 жылдың ішінде ата-аналар психолог мамандарға «Балам мектепке барғысы келмейді. Не істеймін?» деген сынды сұрақтарды жиі қойып жүр. Бұрын-соңды бұл сұрақ жасөспірімдердің ата-анасын көп мазаласа, дәл қазір бастауыш сынып оқушыларына да қатысты айтыла бастаған. Бала басында айтарлықтай қиындықтары бар кезде сабақ оқымай, мектепке барудан бас тартады. Яғни мұны "дабыл" деп қабылдағанымыз жөн. Мектепке бармауына ұстазбен, сыныптастарымен қарым-қатынасы да әсер етуі мүмкін. Әдетте ата-аналарына мәселені одан ары ушықтырады деген оймен айтпайды.

Сен - үлкенсің

Кей отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы нашар болып, отбасындағы әке мен ана қатар жұмыс істейді. Осының салдарынан үйдегі ауыртпалық мектеп жасындағы балаға артылады. Оқушы үйде сабақ оқып үлгермеуі мүмкін. Жасы үлкен ата-әжесіне шай беріп, өзінен кіші іні-қарындастарына қарайлайды. Үйді тазалап, ата-анасының орнына келген қонақты күтеді. Осылайша балалық шақ артта қалады. Мұндайда психолог мамандарға жолыққан жөн. Ол біз туралы ешнәрсе білмейді. Айтқан сырымызды тек біз рұқсат берген жағдайда ғана жария етеді. Сыныптастарым не ойлайды деп ұялсаңыз, психолог маманға жолыққаныңызды айтпай-ақ қойсаңыз болады.

Балалық шақ кенеттен аяқталуы мүмкін емес. Асыр салып ойнап, әке-шешеңіздің мойнына асылып еркелегіңіз келетінін жақсы түсінеміз. Бірақ білімнің болашағыңыз үшін өте керек екенін ұмытпаңыз. Қиналған сәтте әр істің нәтижесі қандай болатынын ойлаңыз. Мысалы, сіз үй тапсырмасымен қатар үй шаруасын да жасап үлгерсеңіз, болашақта аз уақыт ішінде көп іс тындыруға дағдыланасыз. Айтарлықтай тәжірибе жинақтайсыз.

Үй тапсырмасының шектен тыс көп берілуі

Біз оқып жүрген бағдарламаның қиын екенін Тұрсынбек Қабатовтың әзілдерінен де естіген боларсыз. Ең бастысы, оны тәжірибеңізден өткізіп көрдіңіз. Соңғы жылдардың ішінде көп өзгеріс енгізілді. Мектеп бағдарламаларында да айырмашылықтар көрініс тауып жүр. Осының салдарынан оқушы ҰБТ-ға айтарлықтай дайындықпен бара алмауда. Бұдан өзге жекеменшік мектептер мен гимназияның оқушылары қарапайым мектепке қарағанда әлдеқайда білімдірек болады. Үлгеріміңіз нашарласа, арнайы репититор маманның көмегіне жүгініңіз. Егер оның көмегі тимесе, айналаңызға зер салыңыз. Еліміздегі ең беделді деген қызметкерлер кезінде кітаптан бас алмай оқыған оқушылар болатын. Ал көше кезіп, денсаулыққа зақым келтіретін жұмыстармен айналысып, қайыр сұрап жүрген жандардың жағдайы мен айтпасам да түсінікті шығар. Мүмкін барлығы да таныс арқылы жүзеге асады деп ойлайтын шығарсыз. Алайда қателесесіз. Сапалы білім біздеӘр отбасында қиындықтар болады. Бірінде – ата-ана ренжіссе, екіншісінде бауырлардың арасында түсініспеушіліктер болады. Бұдан өзге жақын адамнан айырылу, екінші баланың дүниеге келуі сынды себептері болуы мүмкін. Осының барлығы біздің психологиямызға әсер етіп, ситуацияға қарсы жауап беруге ұмтылдырады. Аталған қарсы жауабымыз сабақтан қашу арқылы көрініс табады. Үлгеріміміз нашарлайды. Өздеріңіз көріп отырғандай оқушының сабақты жақсы оқуына отбасындағы береке де әсер етеді.

Мысал

Асылбек 9 сынып оқушысы. Ол бастауыш сыныптарда өте жақсы оқыса да, өсе келе үлгерімі нашарлап кетті. Оқуға деген қызығушылығы төмендеп, үй тапсырмасын орындаудан қалды. Ата-анасы мектеп туралы сұраған кезде, жауап беруден бас тартты. Психолог маманның зерттеуі бойынша Асылбектің үлгеріміне отбасында болып жатқан жағдай әсер етіпті. Асылбек қарындасы екеуі әке-шешесінің ажырасу туралы айтқандарын жиі естиді екен. Іштегі қорқыныштарымен бөлісейін десе, ата-анасының арасындағы қарым-қатынас одан ары ушығып кете ме деп қорқады. Баланың күнделіктерінде екілік бағалар көбейіп кеткен соң сынып жетекшісі ата-анасын мектепке шақырды. Осылайша ажыраспақ болып жүрген жандар балаларының қиындықтарын бірігіп шешіп, қайта татуласты. Осы мысалдан көретініміз Асылбек сабақ оқымау арқылы ішкі жан дүниесінің құлазып бара жатқандығын көрсеткісі келген.

Болашақта әр оқушы отбасын құрады. Ал отбасындағы қиындықтар бала күнімізде тәрбие мен білім алмағандықтың салдарынан болады. Яғни ертең өзіңіздің отбасыңыз берекелі болғанын қаласаңыз, бүгіннен бастап көзі ашық, көкірегі ояу азаматқа айналуға тырысыңыз.

Сөйлесу

Жасөспірімдік шағымызды өтпелі кезең деп бекер атамайды. Балалықтан есейіп, үлкен өмірге қадам басамыз. Мамандық таңдап, мектеп бітіреміз. Біздің де, анамыздың да жүрегіміз тағат таппай мазасыздана түседі. Тағы да мектептен қаша бастаймыз. Біздің сабаққа қызықпауымыз ата-анамыздың назарын өзімізге қаратудың бір тәсілі екенін айтқымыз келеді. Яғни ата-анамыздың мектептен басқа өмір жоқтай сөйлейтініне қарсылық. 13-14 жас аралығындағы оқушылар қатысатын психологиялық топтағы бір оқушыға «Ата-анаңыз сізбен сабақтан өзге тақырыпта сөйлесе ме?» деп сұрағанымызда, «Ия, бірақ сөздері құлаққа жағымсыз естіледі. Сен өзі не ойлап жүрсің деп айтады» деп жауап берді. Ата-анамыз біз үшін, біздің болашағымыз үшін қатты алаңдайды. Ал біз керісінше жауапкершіліктен, ҰБТ-дан қорқып, сабаққа бармай жүреміз.

«Мен сабақ оқығым келмейді. Бір мәнісі болар. Несіне қорқамыз?» деген сөздерді сыныптастарыңыздың аузынан естіген шығарсыз? Есіңізде болсын! Бұл олардың батыл екенін көрсетпейді. Керісінше жауапкершілікті мойындарына алып, әрбір ісі үшін жауап бере алмайтындығының айқын дәлелі. Сол себепті барлығы тек бір өзіңіздің қолыңызда.

Ал Сіз қалай ойлайсыз? Оқушы неге сабаққа барғысы келмейді?



massaget.kz

 




Көрілген: 3191    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.04.2015, 16:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30