Психология

Тест: "Қай жолды таңдадыңыз?"

  • ©massaget.kz

    ©massaget.kz

Болашағыңыздың жарқын болуын қаласаңыз, жүрегіңізге үңіліп, болмысыңызды танығаныңыз жөн. Өзіңіздің қандай адам екеніңізді білмей тұрып, өзгенің сырын ұға алмайсыз. Сол себепті төмендегі суретте берілген есіктердің бірін ойланбастан таңдаңыз. Таңдау жасамайынша жауаптарын оқымаңыз.

№1 есікті таңдаған болсаңыз

Еркіндік жолын таңдадыңыз. Сіз үшін бос кеңестік пен тәуелсіз болудың маңызы зор. Әрбір қадамыңыз үшін жауап бере аласыз. Шешім қабылдамас бұрын жақсылап ойланасыз. Алдыңызға қойған мақсатыңызға жетпей тынбайсыз. Өміріңіздің әрбір секундына қуанып, уақытты дұрыс жұмсай білесіз.

№2 есікті таңдаған болсаңыз

Сіздің жолыңыз – артық адамдарға орын болмайтын шағын ғана әлем. Жалғыз қалғанды жаныңыз сүйеді. Әлемді жалғыз шарлап, түрлі шараға баруды ұнатасыз. Әңгімелесуші мен қамқоршыға зәру емессіз. Достарыңызды қатты жақсы көретінің рас. Алайда жалғыз қалуды су тамшысындай ұнатасыз.

№3 есікті таңдаған болсаңыз

Сізді алда талай қызықты күндер күтіп тұр. Өміріңізді сұлулық, тосын сый, қызықты оқиға дегендерсіз елестете алмайсыз. Жалғыздықты мүлдем дерлік ұнатпайсыз. «Қанша өмір сүрсең де, үйренуден жалықпа!» қағидасына сай өмір сүресіз. Айналаңызға үнемі қызығушылық танытып, сұрақ қойып жүресіз.

№4 есікті таңдаған болсаңыз

Таңдаған жолыңызға қарап, сізді таңғажайып оқиғалар күтіп тұрғандығын айта аламыз. Әр кез болашағыңыз туралы ойлап, жаңа нәрселердің дәмін татуды ұнатасыз. Ұшқалақ мінезіңіздің арқасында қауіпсіздік мәселесін ұмытып кетесіз. Үнемі ережелерді бұзып жүрсеңіз де, айналаңыздағылар сіздің болмысыңызға, батылдыңызға қайран қалады. Сіз туралы «Уақытын босқа шығындап жатыр» деп айтатын тірі жан табылмайды.

№5 есікті таңдаған болсаңыз

Сіздің есігіңіз барлығы үшін ашық. Шынайы сұлулық пен жүрек тыныштығы өте маңызды. Мақсат пен оған жету жолына да қызығасыз. Ағыспен жүзіп, қандай жағдай болса да, тұрақтылықты таңдайсыз. Жанжалдың алдын алуды білесіз.

№6 есікті таңдаған болсаңыз

Сіз сабыр мен бейбітшілікті таңдадыңыз. Жалғыздық, тыныштық, қырағылық – өмір атты ұзақ жолда адал серіктеріңіз. «Ескі дос жаңа таныстан артық» деген қағиданы ұстанасыз. Шындықтың беті ашылмайынша тынышталмайсыз. Үнемі өмірдің мәнін іздеуден жалықпайсыз. Бастағы білімнің сапалы болғанын қалайсыз. Сізді ойшыл, философ деп айтсақ та болады.

Ал Сіздің нәтижеңіз қандай болды?

massaget.kz

 




Көрілген: 7854    Пікірлер: 1

сенбі, 25.04.2015, 08:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр 2015
    Қыздың қулығы
    25 Наурыз 2015
    Әр минутта бақыт бар
    27 Ақпан 2015
    Әже махаббаты
    20 Ақпан 2015
    Мінезіміз қандай?
    3 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Адам неге жылайды?
    30 Қаңтар 2015
    Неліктен жалғызсыз?
    29 Қаңтар 2015
    Адам болу рецепті
    28 Қаңтар 2015
    Темперамент
    27 Қаңтар 2015
    Әке туралы сыр...
    26 Қаңтар 2015
    Фотосы бар материал Мұғалім имиджі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30