Алашты алаңдатқан сауал

Электрондық үкімет тиімділігін артыру үшін Интернет істері агенттігін құру керек пе?



Дәурен Сәкенұлы, «Рейтинг.kz» агентігінің директоры:

– Меніңше, мұндай агенттіктің қажеті жоқ. Онсыз да біздің мемлекетке 30-ға жуық түрлі агенттік жұмыс жасап жатыр. Біріншіден, олардың санын көбейткенмен, бұл саладағы олқылықтарды түзей алмайсыз. Екіншіден, бұл мәселемен түпкілікті айналысатын «KAZSATNET» деген ұлттық компаниямыз бар. Ең дұрысы агенттік құрмай-ақ, сол компанияға қол ұшын созғанымыз дұрыс. Үшіншіден, бізде интернетке қолжетімділік мөлшері 100 пайызды құрап отырған жоқ. Негізінен мемлекеттік істерге қатысты ғаламторды пайдаланатындар 24 пен 34 аралығындағы азаматтарымыз. Енді тек солар үшін агенттік құрып тастау өзін-өзі ақтайды ма? Жоқ. Ақтамайды. Егер де тағы бір агенттікті құрсақ, республикалық бюджеттен арнайы қаржы қарастыру қажет болады. Ол қаржы салық төлеушілердің ақшасынан алынады деген сөз. Сондықтан да, салық төлеушілердің қаржысын негізсіз бағытқа шаша беруге қарсымын. Яғни, жаңа агенттік құрамыз деп, Паркинсонның «пайдасыздық коэффициенті» кебінін киіп қалуымыз мүмкін.



Нұрлан Сейдін, саясаттанушы:

– Әрине, күннен күнге Интернет қолданыс аясы кеңейіп келеді.  Бұл осы бағыттағы бақылау мен қадағалау жұмыстарының қарқынды болуын талап етеді. Сондықтан әр министрліктегі арнайы департамент мен комитеттер осы Интернет төңірегінде туындауы ықтимал мәселелердің алдын алып, ал пайда болғанын жоюды мықтап қолға алуы керек. Қазір байқамасаңыз, Интернеттің ықпал ету әлеуетін бөтен мүдделердің пайдалануы жиілеп тұр. Бұл біздің елімізге ғана қатысты емес, әлем бойынша. Әрине, осыған қатысты салалық заңнамаларға заман талабына сай өзгеріс пен түзетулер ұдайы енгізіліп отыруы керек. Дәл қазір әлемдік экономика қиыншылыққа бой ұрып, оның салқыны Қазақстанға да тиіп жатқанда, яғни үнем мақсатында және  ғаламторды пайдаланушылар деңгейі әлі шектеулі уақытта бізге Интернет істері жөніндегі агенттіктің керегі жоқ деп ойлаймын. Бірақ кім білсін, күндердің күні замана талабы осындай ведомство құруды қажет ететін кезеңге де аяқ басуымыз мүмкін. Оны уақыттың еншісіне қалдырайық...



Серікқазы Кәкібаланов, «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігінің бас директоры:

– Электрондық үкімет тиімділігін артыру үшін арнайы ведомства құрудың қажеті жоқ. Егер әр проблемаға қатысты агенттік құра берер болсақ, бізде әйелдер мен еркектер арасындағы байланысты реттейтін мемлекеттік құрылым пайда болатын шығар. Интернет істерімен ІТ саласының мамандары айналыссын. Бұл сала неге дамымай отыр деп ойлайсыз? Оның жалғыз себебі бар. Біздің халық жалпы мемлекеттік деңгейде озық технологияларды пайдалануды талап ете алмай отыр. Егер де бұқарадан сұраныс болса, бәрі де өз шешімін табар еді. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстың бәрін байланыс пен коммуникация саласының білгірлеріне берген жөн.




Көрілген: 2105    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2014, 17:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30