Алашты алаңдатқан сауал

«Жол жүрісі туралы» заңнан «абайсызда кісі өлтіріп алды» деген норманы мүлде алып тастау керек пе?



Тасбай Симамбаев, қоғам қайраткері:

– Бізде көлік апатынан өлгендер саны соғыс кезеңіндегі статистикадан ары барып жығылады екен. Тәуелсіз елдің бейбіт өмірде азаматтарын күнделікті көшеде жөңкіліп жүрген темірден қорғай алмауы деген сұмдық масқара жағдай. Әрине, заңды күшейту керек. Кісі өлтіргенге кешірім беру дегеннің өзі ақылға сыймайтын нәрсе. Дүниедегі ең қымбатының өмірін қиғанды кім кешеді?.. Ал мұқтаждығын алдына салып, кешірім сұраудың өзі адамдық емес қой. Қалай дегенмен де бізде демографиялық мәселе аса өзекті. Сондықтан халқымыздың әрбір адамының ғұмырлы болуына мүдделі болуымыз тиіс, заңдар соған сай түзілуі керек. Бізде ату жазасына мораторий жарияланған. Соның кесірінен қаншама жазықсыз адамдардың өмірі қиылып жатыр. Егер қанішерді ату жазасына кессек, бүгіндері қаншама адамның өмірін аман сақтап қалар едік. Осы тұрғыда ату жазасын да қайтадан қолға алу керек деп санаймын.




Әбдіқаһар Сейітжанов, заң ғылымының кандидаты, доцент:

– Қолданыстағы «Жол жүрісі туралы» заңға сәйкес, орын алған жол апаты оқиғасына қатысты жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар қарастырылған. Егер осындағы жеңілдетілген шараны алып тастайтын болсақ, онда біз бірталай адамның тағдырына балта шапқан болар едік. Мәселен, қазір ақша табу мақсатында әдейі көлік астына түсетіндер бар. Сол секілді көлік үшін бағдаршамда жасыл жанып тұрғанда жүргінші жолға шығып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда, шынымен де көлік жүргізушісі аса кінәлі емес қой, сондықтан оған тағайындалатын жаза жеңілдетілуі тиіс деп есептеймін. Осы жағынан алғанда, заңдағы баптарды өзгерткеннің орнына оны дұрыс пайдалану жағына қатысты бақылауды күшейткен дұрыс секілді.




Ақжол Әбдуқалимов, Қазақстан фермерлер одағының вице-президенті:

– Адам өлтірді ме, ол қатаң жазаға тартылуы тиіс. Өйткені өлген адамды ешкім қайтадан тірілте алмайды. Абайсызда дегеннің қажеті жоқ. Сонда адамдар абайлайтын болады. Ал жеңілдетілген шара бар кезде, кісі өлтірсе де қалтасы қалың көлік жүргізуші еш қамсыз жүре береді. Өйткені заңда оған мүмкіндік беретін саңылау бар. Егер жазалаудан жеңілдікті алма алмаймыз десек, онда екі тараптың (жол апатына кінәлі және жәбірленуші тараптар) ымыраласу процесін нақтылау керек.  Құнға қатыстысын айтамын.


«Алаш айнасы»




Көрілген: 2107    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.01.2014, 15:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30