Алашты алаңдатқан сауал

Қар құрсауында қалған кішігірім шаруашылықтарға мемлекет тарапынан қандай көмек берілуі керек?



Төлеухан Садықұлов, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор:

-Үкімет бұрынғыдай емес, қазір шама-шарқынша жағдай жасап отыр. Көмек көлемі жылдан жылға артып келеді. Шаруа қожалықтарына ең басты керегі – қаржылай қолдау. Осы тұрғыдан алсақ, дотация қазір жаман емес. Егер соны ұқсата білсе, бәріне жетер еді. Ал бізде қалай? Кейбір фермерлер ақша қолға тиді ме, оңды-солды шашып тастайды. Біреуі көлік сатып алады, біреуі той жасайды. Ал қақаған қыс кезінде не істерлерін білмей аласұрады. Егер үкімет тарапынан бөлінген қаржыны дұрыс, орнымен игерсе, төтенше жағдайға дайын тұрар еді. Мәселен, бір қойға қыс айларында үш центнер шөп керек пе, соны күз айларында дайындап қойғандары жөн. Техникаға қатысты айтсақ, үкімет бәріне бірдей техника әпере алмайды. Сондықтан бір-біріне жақын орналасқан төрт-бес фермердің бірігіп, бір техника сатып алуларына болады ғой деп ойлаймын.



Меруерт Қазбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қар құрсауында қалған кішігірім шаруашылықтарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Нақтырақ айтқанда, бізде арнайы жұмыс істейтін үлкен бір министрлік бар, яғни Төтенше жағдайлар министрлігі. Ел бюджетінен оларға жеткілікті қаржы бөлінуде. Сол қаржы көзітөтенше жағдайдың алдын алуға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс. Ал олар бөлінген қаржыны дұрыс игеріп отыр ма, ол өз алдына басқа әңгіме. Десек те, қар құрсауында қалған шалғай ауыл болсын, шарушалық болсын, керек-жарағымен қамтамасыз етіп, жолдарды тазалап беру солардың тікелей міндеті. Сол сияқты, мемлекет қазір жеке қожалықтарға жеткілікті көлемде қаржы қарастырған. Оның да орнымен жұмсалу, жұмсалмауы басқа тақырып. Демек, «мемлекет қарап отыр» деу орынсыз айтылған сын болар еді. Қазір жергілікті әкімшіліктерге үкімет талап қойып, қалың қар құрсауында қалғандарға қажет көмек көрсету жөнінде қатаң тапсырмалар жүктеген.

Қысқасы, үкімет міндеттеп отырған тапсырмалар дер кезінде, сапалы орындалса, ешқандай проблема туындамас еді.




Көпмағанбет Елемесов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор:

-Мемлекет міндетті түрде көмектесуі керек. Олар жеке шарушылықтар болса да, бағып отырған малының қоғам байлығы екендігін ұмытпайық. Қазір жеке шарушылықтарда мал басы көп емес, ондай жағдайда сақтандыру компаниялары олардың малдарын сақтандырмайды.

Қар құрсауында қалған шарушылықтарды сонда кім құтқарады? Менің ойымша, әрбір жергілікті әкімдіктер өз аймақтарындағы фермерлерді қыс мезгілінде аралап тұрғандары абзал. «Жаман айтпай жақсы жоқ», кімнің қандай жағдайға тап болғанын біліп отырғандары жөн.  Азық-түлік, малға жем-шөп қажет болса, онысын жеткізіп тұрса игі еді. Былай қарап тұрсаңыз, осындай көмектер үкімет үшін анау айтқандай қиын шаруа да емес.




Көрілген: 1484    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.02.2014, 14:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30