Алашты алаңдатқан сауал

Қазақстандық кәсіпкерлерге Байқоңырдағы жер телімдерін пайдаланып, кәсіп жүргізуі үшін қандай тетік қарастыруға болады?



Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:

–Байқоңыр қаласы ғарыш айлағымен бірге Ресейге жалға берілгенімен, ол – қазақтың жері. Ол ресейліктерге уақытша берілген. Сондықтан біздің кәсіпкерлеріміз, сол төңіректегі тұрғындарымыз ол аймақтан жер алып, кәсіппен айналысуына ешқандай бөгет болмауға тиіс. Онда біздің халқымыз тұрып жатқандықтан, олар да жұмысын жасауы міндет. Ғарыш агенттігі мен Қызылорда облысының әкімдігі жыл сайын ресейліктермен өзара ұсақ-түйек мәселелерге байланысты келісім жасасып отырады. Егер жалға алушылар жерді кәсіпкерлерге заңдастырып бермейтін болса, онда олар Қызылорда облысының әкіміне ұсыныстарын айтуы керек. Осы төңіректе әрекет етуіміз тиіс. Тіпті болмаса, жалға алу туралы негізгі келісім шартқа байланысты жиын өткізіп, қосымша бір хаттама толтыруымыз керек. Мұны шешудің жолдары көп. Тек әрекет етуіміз қажет.




Азат ҚОНЫСБЕК, кәсіпкер:

–Байқоңыр ғарыш айлағы – Қазақстанның ұлттық байлығы. Сонымен қатар ұлттық қауiпсiздiгiнiң құрамдас бөлiгi. Бiрнеше жылға жалға бергеннен кейiн бұл аймақта Ресейдiң айқын басымдығы көрiнiп тұр. Тіпті онда қазақ кәсіпкерлері жерді заңдастырып, кәсіппен айналысайын десе, олардың құжаттарын ешкім заңдастырып бермей отыр. Себебі, Байқоңыр қаласын ғарыш айлағымен бірге Ресей қаласына ұзақ мерзімді жалға беру кезінде ұлттық мүддеге сай жайттар ескерілусіз қалған. Соның «жемісін» біз бүгін көріп отырмыз. Бірақ жалға беру деген меншікке берілген деген сөз емес.  Осы ретте Ресей елімен келісе отырып, мәселелерді қайта қарау керек. Әйтпесе жалға бердік екен деп, сол жердегі қазақтарды басқа елдің заңымен өмір сүруге мәжбүрлеп, толықтай басқалардың ықпалына беріп қою жанды ауыртады.




Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

–Мұны шешудің жолдары көп. Оған соншалықты бас қатырып ойланудың да керегі жоқ. Дегенмен өкінішке орай, Қазақстанның «Жер кодексі туралы» заңы онда жүрмейді. Өйткені ол аймақ – жері, қаласы, инфрақұрылымы түгелімен жалға беріліп кеткен.  Мен кезінде Байқоңырды жалға беру туралы келісім шартты дайындауға қатысқан адаммын. Сол кезде біз оның бес нұсқасын дайындағанбыз. Онда Қазақстанға тиімді, орташа және пайдасыз жақтары да болған. Бір өкініштісі, сол кезде бізге тиімсіздеу жағымен қол қойылып кетті. Енді ол кезде сондай жағдай болды. Тәуелсіздігімізді енді ғана алып, оңымыз бен солымызды жаңа тани бастағанбыз. Бірақ қазір мұны шешу үшін жергілікті халық, әкімдік осы төңіректе мәселе көтеріп, жалға беру туралы келісім шартты қайта қарауымыз керек. Екі жақты келісім болса, бұл мәселені шешу соншалықты қиын емес.




Көрілген: 1941    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.03.2014, 15:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30