Алашты алаңдатқан сауал

Көкпектідегі орын алған төтенше жағдай жекеменшік су қоймаларын мемлекет қарамағына алу керектігін аңғартпай ма?



Ғазиза Түсіпбекова, гидрогеолог маман:

- Қазақстанда 365 су қоймасы бар. Оның 66-сы мемлекет қарамағында болса, қалған 142-сі жекеменшікке берілген. Ал 157-сі коммуналдық иелікте. Енді мына деректерге назар аударыңыз, осы 365 су қоймасының 77-сі қараусыз қалған. Су бөгендерінің барлығы күрделі жөндеуді қажет етеді. Ал апатты жағдайдың орын алуына себеп болған Қызылағаш су қоймасын қазірде мемлекет қарамағына алынып, қойма биыл толық жөндеуден өтуі тиіс.  Енді Көкпектідегі жағдайдан кейін де ондағы су қоймаларының ахуалы толық тексерілуден өтіп, қойма мемлекет иелігіне алынуы керек деп ойлаймын. Осылайша жекенің қолындағы су тоғандарын біртіндеп мемлекет қарамағына алу ісіне кіріскеніміз абзал. Олай етпесек, жоғарыда біз мысал етіп отырған жекеменшік қожайынның қолындағы 142 су қоймасының талапқа сай, сапалы жұмыс істеп тұрғанына ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан тоғандарды мемлекет өз еншісіне алуы тиіс.



Марал Төртенова, экономист-сарапшы:

- Жалпы, стратегиялық нысандар мемлекеттің қарамағында болуы қажет. Аңдасақ, кез келген елде стратегиялық маңызы бар нысан тек қана су қоймасы емес. Мысалы, электр жүйелерін өндіру, тасымалдау және тағы басқа нысандар  стра¬тегиялық нысандарға жатады. Ал біздің елде қазір мұның барлығы жекенің қолына өтіп кетті. Бір ғана электр энергиясы жөнінде айтар болсақ, меншік иесі тарифтерді қалауынша өсіреді. Неше түрлі сылтау айтып электр энер¬гиясын үзіп те тастайды. Тіпті былтырғы жылы Шығыс Қазақстан облы¬сында энергияны бермеу фактісі болды. Соның салдарынан ба¬лабақша, мектеп, ауруханалар, перзентханалар жарықсыз қа¬лып қойды. Ең масқарасы, аурухана, пер¬зентханаларға электр энергиясы берілмей кезек күттірмей жасалуы тиіс оталар дер ке-зінде жасалмады. Жылу мен жарықтан бес минуттық  үзіліс болған¬ның өзі орны толмас өкінішті жағдайлар орын алып жатады. Ал су қоймаларында судың бей-берекетсіз сақталуы, меншік иесінің қоймалардың сапасына, ондағы судың шамадан тыс ернеуінен асу қаупіне алдын-ала назар аудармауы бүтін бір аймақты су астында қалдырып жатыр. Сондықтан мұндай мәселеге Үкімет тарапынан қатаң шаралар қолданатын кез жетті. Демек жекеменшік су қоймаларын мемлекет иелігіне алуы керек. Бұл кезек күттірмейтін мәселе.



Дәурен Арын, заңгер:

- Техникалық қауіпсіздігі нашар немесе қаражаты жоқ меншік иелерінің су қоймаларын мемлекетке өткізуді міндеттеу керек. Қызылағаштағы апаттан кейін ғана ол аймақтағы су қоймасы мемлекет меншігіне өтті. Ал енді сонда біз адам шығынын, мал шығынын тағы басқа қомақты шығындарды шығарып, апатты жағдайдың орын алуын тосып отыруымыз керек пе? Қызылағаш апатынан сабақ алатын болсақ, дереу арада елдегі иесіз жатқан су қоймалары және жекенің қолындағы су қоймалары мемлекет иелігіне алынуы тиіс. Биыл Қызылағаш оқиғасына тұп-тура төрт жыл болды. Осы аралықта елдегі су тоғандарының 80 пайызын мемлекет еншісіне алуға болатын еді. Бұл мәселеде бейқамдық танытуға болмайды. Егер біз экономикалық тұрғыдан әлеуеті мығым, әлеуметтік ахуалы нақтыланған өркениетті жұрт болғымыз келсе елдегі мемлекеттік стратегиялық маңызы бар, дегенме, жекеменшіктік қолына өтіп кеткен нысандарды мемлекет қайтара өз  қарамағына алғаны жөн.




Көрілген: 1647    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.04.2014, 13:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30