Алашты алаңдатқан сауал

Құрылысты уақытында аяқтамаған компанияларға қандай шара қолданған жөн?



Ғабиден Жайлин, заңгер:

- Шарттық шаралар қарастыру керек. Айыппұл салуды жоғарлатып, жауапкершілікті арттыру  тиімді. Бұл жерде Азаматтық Кодексті де тетікке қосуға болады. Мысалы, елде қазір көптеген үлескерлер Тұрғын үй құрлыстарының аяқталмай тоқтап тұрғанын айтып наразылық білдіруде. Сол азаматтардың құқын ескерсек, Азаматтық кодекс арқылы жауапкершілікке тартуға болады. Жалпы, елдегі аяқталмаған құрылыстарға жан бітірудің тағы бір тетігі ештеңеге бас қатырмастан келісімшартта көрсетілгендей сотқа берулері керек. Мұның барлығы құжатта тайға таңба басқандай көрініп тұрады.  Ал біздегі құрылыс компаниялары соған мойынұсына бермейді. Негізінде құрылысты салуға берілген компаниялар үлкен сұрыптаудан өтуі керек. Сапаға қалай мән береді? Талапқа сай жұмыс істей ала ма, осының барлығы бақылауға алынуы тиіс. Сонда ғана іс уақытында бітіп, тындырымды болады.




Тоғжан Шаяхметова, банк секторының маманы, экономист-сарапшы:

- Бірінші кезекте мемлекеттік сатып алулар ісін жүргізуде компаниялардың әлеуетіне, техникалық-технологиялық базасына қарау керек. Бұл-бір. Екіншіден, бізде құрылыстың сметалық құжаттары дұрыс даярланбайды. Шала даярланған соң әрине нысанның толық құны да дұрыс шығарылмайды. Осыдан барып құрылыс компанияларының жұмысы орта жолда тоқырайды да, құрылыс тоқтайды. Мұның арасында құрылыстағы ұрлық-қарлық, бөлінген қаржыны жымқырып қалу, «бармақ басты көз қысты» әрекет толып жатқан осындай жайттар бұл саланың сапасына да, жұмыстың жетілуіне де кері ықпалын тигізеді.  Демек, бұл салада бақылау әлсіз. Сондықтан құрылысты уақытында бітірмегендерді заң алдында айыптау керек. Сонда ғана бұл саладағы шикіліктер шешіле бастайды.




Аймара Тілеукина, әлеуметтанушы:

- Құрылысты уақытында аяқтамау тұтынушының құқын аяқ асты ету болып табылады. Мәселен, бір ғана Тұрғын үй құрылысы уақытында бітпеген соң тұтынушылар  пәтер жалдауға мәжбүр болады, туыстарының үйінде тұруына тура келеді. Мұның барлығы артық шығын. Дамыған елдердің біразында тұтынушы құқы ескеріліп, келісімшартта  көрсетілген  уақытта үй  құрылысы  бітпесе, кешігіп бітсе,  онда  тұтынушы, талап-арыз  жазып, пәтерге  немесе өзгеге төлеген  шығынын  құрылыс компаниясынан  өндіріп  алуына  болады. Өйткені  олар «шартта құрылыстың аяқталар  мерзімі  толық  көрсетілген.  Кінә  уақытты  созып  жүріп  алған, компанияда» деп біледі. Бізге де осындай жүйені тетікке қосу керек. Құрылыс компанияларына бақылауды күшейтпесек елдегі сақалды құрылыстардың легі көбейе береді. Сондықтан талапты күшейту қажет.




Көрілген: 1483    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.04.2014, 13:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30