Алашты алаңдатқан сауал

Қыз алып қашу дәстүрін реттейтін арнайы заң қажет пе?



Абзал ҚҰСПАНОВ, заңгер:

– Барлық елде заң шығару үрдісі сол елдің салт-дәс­түрін ескере отырып жазылуы керек. Құқық теориясында да «құқықтың қайнар көзі – халықтың салт-дәстүрі» деп анық көрсетілген. Бірақ біздің ешбір заңымыздан ұлттық салт-дәстүрдің ұшқынын аңғар­майсың. Тек өзге елдердің заңын айна-қатесіз көшіріп алғанбыз. Содан кейін заң халық мүддесіне, ұлттың салт-дәстүріне қызмет ете алмай отыр. Сондықтан қыз алып қашу дәстүріне арнап арнайы заң жазудың қажеті жоқ. Ал заң қабылдана қалған жағдайда ұлттық мүдде, халықтың қалыптасқан дәстүрі ескерусіз қал­мауы керек. Жөнсіз тыйымдар мен жазалардан жастар зардап шекпеуі керек. Салт-дәстүрдің әрбір кем-кетігін ескере отырып қабылданған заң ғана дәс­түрімізге кесірін тигізбейді.




Әбдуәлі МӘМЕДІЛ, психолог:

– Негізі, қыз алып қашу дәстүрімізде бар болғанымен, бұрын оның мән-мағынасы басқаша болған. Жөн-жоралғысымен қызды айттыруға шамасы келмеген жігіт алып қашуға мәжбүр болғандықтан, осындай қадамға барған. Бірақ оның бәрі міндетті түрде қыздың келісімімен жүзеге асқан. Бүгінгі күні де әлеуметтік жағдайына қарай қызды ұзатып, құда түсіп, сырға салып, қалыңмалын төлеп, жөн-жоралғысымен алуға шамасы жетпеген жігіттер осындай қадамға барып жатқан секілді. Бірақ кей жағдайда өзі ұнатса болды, қыздың пікірімен санаспай алып қашатын сәттер де кезігуде. Егер қыздың келісімі ескерілсе, ың-шың жоқ, бәрін жүзеге асыруға болады. Дегенмен бәрібір қыз алып қашу дәстүрін реттейтін арнайы заң шығарудың қажеті жоқ секілді. Өйткені заң жүзінде қыздың келісімі ескерілмесе, ол адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық жазаға тартылады. Бұл онсыз да заңда анық-қанық көрсетілген. Сондықтан өз басым қыз алып қашу дәстүрін реттейтін арнайы заң қажеті жоқ деп санаймын.




Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:

– Бұрын мұндай дәстүрмен шаңырақ құрғандардың көбісі кісі қызығарлықтай отбасын құрып, жанұя болып кетсе, бүгінде еріксіз қыз алып қашудың құрбаны болғандар көп ұзамай екіге айырылады. Сол күні бойжеткен көптің қолқалауымен қалғанымен, көп ұзамай бәрібір шаңырақтары ортасына түсіп жатады. Өйткені қазір заман өзгерді, әрбір адам құқығының тапталмауына мүдделі. Сондықтан, бәлкім, заң шығарып, бәрін заң жүзінде реттеп қойған да дұрыс секілді. Алайда, шыны керек, бүгінде қыздар мүмкіндігінше жағдайы бар, дипломы, тұрақты қызметі бар жігітпен отбасын құруды көздейді. Ал тұрақты жұмысы, дипломы, жай-күйі жоқ жігітке бұрылып қармайды. Амалсыз жігіт намысқа тырысып, ұнатқан қызын алып қашуға бел байлайды. Кейде барған жері қыздың көңілінен шықпай жатса, сотқа береді. Мұндай жағдайда жігіт адам ұрлау фактісі бойынша жазаланады. Ол – ауыр жаза. Сондықтан заңға қосымша бір бап енгізу керек. Онда қыз алып қашудың заңды, заңсыз тұстары айқындалуы тиіс. Жазықты деп тауып, шара қолданар болса да, онда дәстүр ескерілуі керек. Әйтпесе қазіргі заңға сәйкес, адам ұрлады деп 10 жылға кесіліп кетуі мүмкін.




Көрілген: 1247    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.12.2013, 14:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30