Алашты алаңдатқан сауал

Музейдегі көне жәдігерлерді жалға беруге бола ма?



Бейбітқали Қақабаев, ҚР мемлекеттік орталық музей директорының бірінші орынбасары:


– Еліміздегі музейлерден жәдігерлер жалға берілді деген фактіні өз басым естіген емеспін. Музейдегі жәдігерлер көне болсын, тіпті кеше жасалсын ешқашан ешкімге жалға берілмейді. Өйткені музейдің меншігіндегі жәдігерлер мемлекеттің меншігі болып табылатындықтан бұндай әрекетке заң бойынша тыйым салынған. Егер еліміздегі музейлердің кейбірі жәдігерлерді жалға беріп отырған болса, олар заң бұзып, қылмысқа барып отыр деген сөз. Музейдегі жәдігерлерді суретке, кейде бейнекамераға түсіруге рұқсат беріледі. Бірақ кейбір жәдігерлер тіпті жарықты, температураның бірден төмендеуін немесе жоғарылауын, ылғалды  да көтере алмайды. Жәдігерлердің әрқайсысын сақтаудың өзіндік әдісі, тәртібі бар. Сондықтан бұл мәселені талқылаудың өзі артық. 




Қырым Алтынбек, реставратор:


– Музейде тұрған жәдігерлерді жалға алуға, әркімнің  оны өз керегіне пайдалануға беруге болмайды. Мұндай ереже әр музейдің өзінде бар болу керек. Өйткені музейдегі жәдігерлер мен құндылықтар халықтың меншігі. Жәдігерлер бүлінген жағдайда қайта қалпына келтіру оңай шару емес, сондай-ақ қыруар шығын. Кино, бейнебаяндар үшін музейдің жәдігерлерін емес, түрлі зерлегрлік, қолөнер туындыларын жасайтын салондарға тапсырыс беруге болады. Арнайы сату үшін жасалатын заттарды сатып алуға, жалға алуға қазір мүмкіндік көп. Ал жәдігерлерді жалға бермек түгіл орнынан қозғауға  болмайды. 




Еркін Рақыш, режиссер:


– Музейдегі жәдігерлердің ішінде кейбіреуін, оның ішінде бірнеше данасы бар, мемлекеттік құндылығы аса жоғары емес заттарды жалға беруге болады деп ойлаймын. Сондай-ақ бізде кейбір тарихи тұлғалардың жеке музейлері бар. Меніңше, сол кісілердің жеке мүліктерін, кейбір заттарын кино үшін пайдалануға рұқсат етілгені жөн. Ал аса құнды және бүлініп қалған жағдайда қайта орнына келмейтін дүниелерді, әрине, жалға беруге болмайды. Киноға жәдігерлердің көшірмесін де пайдалануға болады. Өйткені кино түсіру алаңында қаншама адам жүреді, өрт те болуы мүмкін, су да тасуы мүмкін деген сияқты түрлі қауіп бар. Сондықтан музейлердегі көне жәдігерлерді деректі фильмдер үшін сол тұрған орнында түсіруге болады деп есептеймін.




Көрілген: 1713    Пікірлер: 1

жұма, 07.02.2014, 14:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30