Алашты алаңдатқан сауал

Наурыз күні тігілетін киіз үйге әкімқаралар ғана кіруі керек пе?

  • Наурыз күні тігілетін киіз үйге әкімқаралар ғана кіруі керек пе?

    Наурыз күні тігілетін киіз үйге әкімқаралар ғана кіруі керек пе?

 



Бекболат ТІЛЕУХАН, Парламент Мәжілісінің депутаты:


– Сүйікті Пайғамбарымыз – Алланың елшісі: «Тамақтың ең жаманы – мұқтаж адамның аузына жетпей, тоқ адамның аузынан қайтқаны», – дейді. Тағы бір хадисінде Пайғамбарымызға сахабалар келіп: «Иә, Алланың елшісі, біз жеген асымыздан тоймай қалып жүрміз», – дейді. Сонда ол: «Сендер жеке-жеке тамақтанып жүрген боларсыңдар», – деп сахабаларына көпшілік аста береке барын түсіндіреді. Қазақта «бөліп ішкен аста береке бар, бөліспей ішкен аста біте бар» деген сөз қалған. Ендеше, осы сөздердің төркінін басшыларымыз бен сол дастарқанды жаюшылар ұғынса игі. Тоқ адамға, әкімқараларға, басшыларға сол тамақтың қажеті де шамалы ғой. Олардың ішінде кейбіреулері киіз үйдің қадірін біле де қоймайды-ау. Сондықтан да жалпыға ортақ болған Наурыз мейрамында жайылған дастарқан көпке арналса, жақсы болар еді. Ал оны өздерінің мәдениеті білсін...



Дос КӨШІМ, саясаткер:


– Ұмытпасам, 1991 жылы Наурыз мейрамын тойлау басталды. Бұл мәселені содан бері айтып келемін, айтып келемін. Той кезінде барлық киіз үйдің есігі бұқара үшін ашық болуы керек. Ал бізде Наурыз мейрамы көрме тәрізді өтеді. «Ойбай, мынаған кірмеңдер, қазір ректор келеді», «әкім келеді», «бастық келеді» деп, жұртты киіз үйдің маңына жолатпай қояды. Сол қонақтары уақытында келмесе, жұрт бес-алты сағат бойы босағада телміріп күтіп тұрады. Баланың да қарны ашады, бұлардың тірлігін көріп, адамның да қарны ашады. Ол бастық киіз үйге басын сұғар-сұқпастан кетеді, сосын қалған тамақты, кешіріңіз, итке бергендей таратып береді. Осылайша, мейрам сағындыра жеткен Наурызды емес, бастықты күтумен өтеді. Мейрамның да, жаңа жылдың да қызығы қалмайды, қуанышы болмайды. Мұның бәрі қатып қалған іс-шараға айналып кетті. Ал тойдың аты – той. Ол ханға да, қараға да ортақ. Киіз үйлер бәріне ашық, дастарқан жалпыға жайылуы қажет.



Уәлихан Қайсар, саясаткер:


– Негізінен, Наурыз бүкіл түркі жұртының мейрамы саналады. Егер бұл мерекеде тігілген киіз үйлерге тек қана шенеуніктер мен әкімқараны, бастықтарды ғана кіргізетін болса, онда бұл мейрамды Қазақстандағы бастықтардың мейрамы деп қана атау керек. Бұрын қалай болған? Қазақтар киіз үйге басын сұққан кез келген адамды «қош келдіңіз» деп қарсы алатын еді. Ал қазір тек қана бастық болсаң, әкім болсаң, не бай-манап болсаң ғана, сені солай қарсы алатын болды. Қарапайым халық үшін киіз үйдің есігі жабық. Ақиқатында, бұл – қазақтың дәстүріне жат қылық. Мейрам алаңдарында жүрген қарапайым бұқара киіз үйге кіре алмаса, онда мейрамды атап өтудің не жөні бар? Оның барынан жоғы жақсы емес пе?! Меніңше, бұл дегеніміз – қазақ елі әлі де болса өз дәстүріне қайтып келмегені, дәстүрін қастерлей білмегені. Бұл мейрам бүкіл халық мейрамы болуы тиіс. Әрине, Наурыз мейрамын басшылық ұйымдастыруы керек, бірақ бастықтары үшін ғана емес, халық үшін де.




Көрілген: 2581    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.03.2014, 16:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30