Алашты алаңдатқан сауал

Су басу қаупі бар аймақтарға қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?



Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

- Өз басым «қазірден бастап қамданып, төтенше жағдай енгізген дұрыс» деп ойлаймын. Неше күн болды, Сырдың суы көтеріліп, қызылордалықтардың есін алып тұр. Кезінде Көксарай су қомасын сала бастағанымызда біраз ғалымдарымыз «мұндай су сақтау қоймасының қажеті жоқ, қаржыны желге кетірмеген жөн» деген де болатын. Бірақ сол Көксарай су реттегіш қоймасын салмағынымызда қазірде Қызылорданың төттен бірі судың астында қалып қоятын еді. Міне, бізге өзге де аймақтарға қатысты осындай зерттелген, сүзгіден өткен бір бастамалар керек. Бұған қоса айтарым, жергілікті халық зардап шекпеуі үшін құтқару қызметінің, күзет қызметінің  жұмысын жетілдіру керек. Биыл қар аса көп жауды. Тек қана Қазақстанға ғана емес, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне де қар молынан жауып отыр. Сондықтан су басу қаупі жылдағыдан биыл қауіптірек. Ендеше бұл жерде алдын-ала даярланып, төтенше жағдайдан халықты сақтандыру керек. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Әсіресе шет жатқан ауылды аймақтарға бұл керек.




Дәурен Арын, заңгер:

- Деректерге жүгінсек, еліміз су тасқыны қаупі жағынан ТМД бойынша алғашқы орындарда тұр. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мырзаның өзі «бізде 5 мыңнан астам су тасқыны ошағы бар. Оның 1200-ге тарта ошағы 150 елді мекенге тікелей қауіп төндіреді» деген болатын. Қазірде Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда су тасқыны қаупі басым болып тұр. Бұл аймақтарда халық тығыз қоныстанған, 6 миллионнан астам адам тұрады. Сондықтан бізге төтенше жағдайдың алдын-алу үшін халыққа түсіндіру жұмыстарын қазірден бастап жүргізген жөн.  Қайсыбір аймақтарда төтенше жағдай енгізу керек. Осы арқылы су тасқынының қаупінен сақтану қажет. Сонда мәселе жеңілдейді. Сондықтан алдын алған дұрыс.




Ғазиза Түсіпханова, гидрогелог-маман:

- Қазірде  елімізде  Қорғас өзенінде су тасқынына қарсы құрылғылар салу бастамасы көтеріліп жүр.  «Қорғас-1», «Қорғас-2» өзендеріне тосқауыл құрылғыларын салуды қамтамасыз етуге негізделген ұсыныс біраз аймақтарды су басу қаупінен сақтайды. Сондықтан бұл орынды ұсыныс. Айта кету керек, бір ғана Сырдария бойындағы 51 елді-мекенді су басу қаупі бар екенін біз бұған дейін де айтқан болатынбыз. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан аймақтары да қардың қалың түскеніне байланысты бүгінде әртүрлі шараларды қарастырып жатыр. Дегенмен әлі де болса мұндай шаралардың легі аз.  Ал енді Алматы қаласы және Алматы облыстары үшін каналдарды тазалау, жолдардың бойындағы суды ағызып әкететін арықтарды кеңейту өте өзекті мәселе. Бұл бір қарағанға ауқымды мәселе болып көрінбеуі де мүмкін. Бірақ көктем шыға қала сыртындағы каналдарда лас сулардың жиналып қалатынын, қала көшелерінде суды ағызып әкететін арықтардың стандартқа сай еместігін ескерсек, бұл - дабыл қағатын дүние. Сондықтан осындай шараларды алдын-ала атқарып, бақылау жұмыстарын жүргізу керек. Қажет болған жағдайда төтенше жағдай да қабылдаған жөн. Бұл халыққа түсіндіру жұмыстарының артуына, мәселенің оңтайлы шешілуіне ықпалын тигізеді.




Көрілген: 1926    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2014, 15:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30