Парыз

Құрбандық шалу спортта да бар

  • Құрбандық шалу спортта да бар

    Құрбандық шалу спортта да бар

Қасиетті Құрбан айт кезінде Алла разылығы үшін құрбандыққа мал шалу – мұсылман халқында ертеден келе жатқан дәстүр екені белгілі. Дегенмен атадан балаға мирас болған бұл үрдіс спортшылар арасында өз деңгейінде аталып өтуде ме? Бүгінгі тақырыбымызды осы мәселеге арнасақ.


Бәрі де Алла разылығы үшін

Бірден айта кетейік, ел спортшылары арасында тек Құрбан айт мерекесінің қарсаңында ғана емес, ірі додаларға, оқу-жаттығу жиындарына аттанарда немесе ірі шараларды бастарда құрбандық шалаты­нын, я болмаса құран оқытып, иіс шығара­тынын білеміз. Мәселен, Ауыр атлетика федерациясы әр оқу-жаттығу жиындары­ның алдында мал сойып, құран оқытып тұрады екен. Сондай-ақ бұл үрдіс боксшылар мен балуандарымыз арасында да жақсы таралған. Тіпті боксшыларымыз бен балуандарымыздың бес уақыт намазын қаза қылмай, сәждеге жығылып отыруы да жақсылықтың нышаны емес пе?! Тағы бір мысал келтірейік, осыдан үш жыл бұрын, яғни 2007 жылдың наурыз айында футболдан Арно Пайперс бастаған ұлттық құрамамыз оқу-жаттығу жиынын киелі Түркістан жерінде өткізді. Нәтижесі қалай болғаны естеріңізде шығар, сол айда Сербия құрамасын қабылдаған жерлестеріміз қарсыластарын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, әлемдік деңгейдегі сенсация жасаған. Әлбетте, оқу-жаттығу жиынын Түркістан жерінде тағы да өткізсін демейміз. Бірақ осындай ірі матчтардың алдында Қазақстан футбол федерациясы Алла разылығы үшін құрбандық шалып, жетім-жесірлерге таратса, бәлкім, басқа нәтижелердің куәсі болар ма едік?! Әр оқу-жаттығу жиындарының алдында құрбан шалуды үрдіске айналдырған ауыр атлеттеріміз жаман болып отырған жоқ қой.

Азиада ұйымдастырушыларына ойтүрткі

Қытайдың Гуанжоу қаласында бай­рағын көтерген ХVI жазғы Азия ойын­дарының ашылу салтанатын теледидардан тамашалап, таңқалғаным бар. Әлбетте, қытайлықтардың тапқыр­лығына, еңбек­қорлығына бұрыннан тәнтіміз. Жоқтан бар жасап, бардан керемет дүние ойластырып табатынын ежелден білеміз. Алайда шыны керек, салтанатты ашылу рәсімі толығымен Қытайдың ұлттық құндылықтарынан құралады деп ойламаппыз. Қарап отырсаң, салтанатты рәсім кезіндегі орындаушы­лардың әр қимылы, әр элементі Қытай тарихынан сыр шертетіндей. Тамашалап отырып, шығысымыздағы көршілеріміздің тарихына қалай «сүңгіп» кеткеніңді білмей қаласың.

«Мұны неге қозғап отыр?» деп ойлап үлгерген боларсыздар. Ендеше айтайық. Өздеріңіз білесіздер, келе жатқан жылдың 31 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында еліміздің Астана мен Алматы қалаларында VII қысқы Азия ойындары өтеді. Сол дода­ның ашылу салтанаты Астананың «Астана-Арена» стадионында өтетіні де белгілі. Бүгінде «2011 жылғы VII қысқы Азия ойын­­дарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ төрағасы Анатөлі Құлназаров Азиаданың ашылу салтанатының бағдарламасы жасалғанын айтып, оны жарым-жартылай таныстырып та үлгерді. Сөзіне сенсек, ашылу рәсімі жаман өтпеуі тиіс. Бірақ осы жерде бір өзгеріс немесе түзету енгізілсе артық болмас еді. Нақтырақ айтсақ, ашылу рәсімінің қарсаңында құрбандық шалу шарасын өткізсек жөн болатын сияқты.

Құрбан айттағы құрбандық

Қасиетті Құрбан айт кезінде құрбандық шалу да – спортшылар арасында әдетке айналған үрдіс. Жылына бір келетін бұл мерекеде еліміздің спорт федерациялары да Алла алдында сауап жинап қалуға тырысып, құрбандық шалып отыратынын жиі естіп жүрміз. Мәселен, ауыр атлетика федерациясы өкілдерінің айтуынша, бүгін басшылары бар, спортшылары бар, барлығы жиналып, құрбандыққа мал шалып, жетім-жесірлерге таратып бермек. Бұл үрдіс еліміздің футбол клубтары арасында да бар болатын. Мәселен, бұрындары Алматының «Қайрат» футбол клубының басшылары жыл сайын ойыншылардың басын қосып, бұл күні құрбандыққа мал шалып отырған. Сөйтіп, өздерінің ауызбіршілігі мол команда екенін дәлелдеуге тырысатын. Өкінішке қарай, бұл дәстүр бүгінде «қайраттықтарда» ғана емес, басқа да клубтарда ұмытылып бара жатқан сияқты. «Биыл құрбандық шала алмаймыз. Өйткені футболшылардың барлығы қазір демалыста. Бәрін тарқатып жібергенбіз. Оларды шақырту қиын болады», – деп ақталды «Қайраттың» баспасөз хатшысы Марат Исабаев. Ал талай жылдан бері «Қайраттың» отымен кіріп, күлімен шығып жүрген белгілі журналист Михаил Маркин, «Құрбандық шалу «Қайратта» «ҚТЖ» заманымен бірге келмеске кетті. «Қазақстан теміржолы» компаниясы демеушілік етіп тұрған тұста құрбандық шалу дәстүрін басшылар берік ұстанушы еді» деп ашық айтты.

Ермахан ЫБРАЙЫМОВ, бокстан Сидней Олимпиадасының жеңімпазы:

– Құрбандық шалу – әр адамның өзіне байланысты ғой. Өз басым, құрбандық шаламын. Аллаға шүкір, менде ауылда отар-отар қойларым да, үйір-үйір жылқыларым да, табын-табын сиырларым да бар. Құрбан айт кезінде бір ғана мал союды көздеп отырған жоқпын. Өзім өскен ауылда (Жамбыл облысы, Луговое бекеті - авт) өзіміз салдырған мешіт бар. Сол мешіттің алдында Алла разылығы үшін құрбан шалуды бұрыннан үрдіске айналдырғанбыз. Ауылдағы жетім-жесірлерді, тұрмысы төмен отбасылардың тізімін жасадық.




Көрілген: 4045    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2010, 13:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31