Мемлекеттік рәміздер – елдіктің қасиетті бойтұмары

04 маусым 2013, 12:39

1992 жылғы 4 маусым Қазақ­­стан Республикасының рәміздері бекітілген күн болып тарихта қалды. Содан кейін, 2007 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қол қойып бекіткен «Қазақ­стан Республикасының мем­ле­кет­тік рәміздері туралы» Консти­туциялық Заңы мемлекеттік рәміз­дерімізді пайдалану тәртібін нақты белгілеп берді. Сондықтан жалпы рәміздердің еліміз және халқымыз үшін нақты қандай маңызға ие екендігі туралы қысқаша баяндар болсақ...
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен Тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы ара­сындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, соны­мен қатар халқымыздың рухын, ұлттық салт-са­на­сын, қаһармандығы мен даналығын, болашақ­қа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды бел­гілер. Барлық алдыңғы қатарлы елдер өзде­рінің шынайы болмысын білдіретін және ұлтты өрге сүйрейтін әртүрлі рәміздік элементтерді ие­ле­нетіні тарихтан белгілі. Бұл рәміздер ұлттардың сан түрлі қыр­ларын, ерекшеліктері мен артықшы­лық­тарын, егемендігі мен бейбітшілігін көрсетеді және өз­ін-өзі құрметтеу мен мақтаныш сезімін ор­нық­тыра түседі, сондай-ақ әлеуметтік және эконо­ми­калық институттардың қызметіне, сая­сатқа, ұлттық қорғанысқа көпшіліктің атсалысуы үшін этикалық негіздерді қалыптастырады.
Мемлекеттік рәміздер мәдениетіміз, тари­хымыз бен менталитетіміздің көркем туындысы болуы керек. Еліміздің азаматтарының рәміз­дер­ге деген қарым-қатынасы, олардың қанша­лықты деңгейде өздерін осы елдің азаматы санайтын­дық­тарының және болашаққа сенімі­нің, отан­сүйгіштіктің көрсеткіші тәрізді. Мемле­кет­тік рә­міздерді бойтұмардай қасиет тұтқаны туралы тарихта бұған мысал боларлық оқиға­лар жетіп-артылады, әсіресе рәміздердің ас­тын­да қаншама қаһармандық оқиғалардың орын алғандығын, ол үшін талай рет батырла­ры­мыздың басын қа­тер­ге тіккендігі жайлы ес­тіп-біліп жүрміз. Яғни рә­міздер соғыс және бей­біт уақытта да, жалпы, ұлт­тық мейрам кезінде де ұмыт қалған емес. Сондықтан мем­ле­кетіміздің Елтаңбасы қазақ тіліне аударғанда, «таңба», «белгі», тіпті «мұра» деген мағына береді. Бұл термин ежелгі түркі қағанаты (551-630 жылдар) кезінен бастап қолданыла баста­ғаны белгілі. Осы орайда кейбір елдердің рә­міз­деріне қысқаша салыстырмалы көз­бен шолу жасап қарасақ, мысалы, АҚШ ел­таң­басындағы 13 жұлдыз сол мемлекетті құр­ған алғашқы 13 штатты білдірсе, Үндістан ел­таңба­сын­дағы төрт арыстан күш-қуат, батыл­дық пен сенімді, Германияның елтаңбасын­да бейне­лен­ген бүркіт билік пен ерліктің нышанын біл­діреді, яғни тағы да басқа сол сияқты елдердің ел­таңбаларындағы түрлі белгілер өзіндік ерек­шелігін, мақсатын, тарихын білдіріп қана қой­май, жалпы, сол ел туралы ұғым қалыптас­тыра­ды. Бұл дегеніміз, ұлттар мен ұлттық мемлекет­тер жеке және ұжымдық саналы түрде өздері туралы танымдық мәлімет беретін рәміздерден бастау алуға тиісті. Басқаша айтқанда, бұл бел­гі­лер мемлекеттер мен ұлттардың «Біз кімбіз?» және «Біз» деген сөздің астарында нақ­ты не жат­қан­дығын, яғни өзінің ұлттық бірегейлігі мен мем­лекеттер арасындағы өзінің мәртебесін анықтауға септігін тигізеді.
Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет елі­міз­дің маңызды конституциялық нормаларына сәй­кес жүзе­ге асырылады. Қазақстан Республи­касы Прези­ден­тінің Жарлығында «Қазақстан Респуб­ликасының Мем­лекеттік рәміздері ту­ралы» былай делінген: «Елі­мізде тұратын Қазақ­стан Рес­публи­ка­сының азамат­тары жеке тұлға ретінде Қазақ­стан Республикасының Туын, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Елтаңба­сын, Қа­зақ­стан Рес­пуб­лика­сының Әнұранын мін­детті түрде құр­меттеуі керек. Осы Жарлыққа сәйкес, азаматтар­дың оны құр­мет­теуі үшін Қазақстан Республика­сы­ның мем­лекеттік рә­міз­дерін әлемге әйгілеу және наси­хат­тау шара­лар жиынтығы негізінде тұрақты түрде жүзеге асырылуы тиіс. Мем­ле­кеттік рәміздер елі­міз­дің көп­шілік азаматтарын отансүй­гіш­тікке тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. Осы мақсатта қазіргі таңда елі­міздің рәміздерінің мәні мен мағынасын және олар­дың қолданылуын, сон­дай-ақ мемлекеттің қалыпта­суын түсіндіру жұ­мыс­тары қазақстандық отансүйгіш­тікті және азаматтық позицияны нығайту үрдісіндегі бір­ден-бір маңызды факторға айналуы керек.
Бұл жерден біз мемлекеттің рәміздер жүйе­сі, жалпы, адамзат баласының құндылықтары­ның жаң­ғы­руы ретінде және ұлттық ерекше­лік­тері мен өз бо­йына жинақтаған бастау бұлақ ретінде, сонымен қа­тар ұлттық біртұтастықты қа­лыптас­тыратын негіз ре­тінде үлкен қызмет атқаратын­дығын байқаймыз. Де­генмен Қазақ­стан Респуб­ликасының рәміздері мем­ле­кет құраушы ұлттың ерекшеліктері мен салт-дәс­түрі, ұлттық мәдениеті негізінде дүниеге кел­ген­дігін естен шығармағаны­мыз дұрыс.
Нұркен АЙТЫМБЕТОВ, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері