Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру шарттары жеңілдетілді

Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру шарттары жеңілдетілді

Қазіргі таңда елімізде де, әлемде де короновирустың салдарынан адамдар жаппай үйінде отыруға мәжбүр. Біреулер жұмысын қашықтықтан істеп жүр, енді біреулердің кәсібі тоқтап, осы уақытқа дейін жиып-терген қорын карантинде талғажау етуде. Карантинге жұмысы қарқынды жүріп жатқан саланың бірегейі – ауыл шаруашылығы. Өйткені дәл қазір жер жыртып, егін егіп, ертеңгі азықты ойлайтын, еңбек етіп, өнім алуға әрекет жасайтын уақыт. Вирус шабуыл жасады екен астықсыз қала қалмаймыз. Осыны жіті түсінген ел басшылары аграрлық салада жұмыстың тоқтап қалмауына барынша күш салуда. Шаруалар мен диқандар да қарап отырмай мемлекет туғызған мүмкіндіктерді оңтайлы пайдаланып қалуға тырысып жатыр. «ҚазАгро» холдингі қазақстандық фермерлерге шарттарды жеңілдетуді жалғастыруда.

Жақында ғана мемлекет басшысының мұрындық болуымен ауыл шаруашылығы техникасын лизингке берудің жаңа бағдарламасы іске қосылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнесті қолдау туралы тапсырмасы шеңберінде 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап «ҚазАгро» холдингінің «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы техника мен көлік құралдарының лизингісі бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржыландырудың «Қазақстанда жасалған» атты арнайы жеңілдікті бағдарламасын іске қосты.
«Қазақстанда жасалған» ауылшаруашылығы техникасының лизингісі бойынша қаржыландырудың жеңілдетілген бағдарламасы аграрлық салаға серпін бермек.

Бұл мемлекеттік бағдарлама аясында ҚДБ-Лизинг фермерлерге отандық ауылшаруашылық техникаларын, оның ішінде комбайндар мен тракторларды алғашқы төлемсіз сатып алуға мүмкіндік беріп отыр. Бұрын аванстық төлем 15%-ды құраған болатын. Ал қазір номиналды сыйақы мөлшерлемесі 6% дейін төмендетілді. Негізгі қарызды өтеуде кемінде 1 жыл жеңілдік кезеңі қарастырылған. Төлемді кешіктіргені үшін айыппұл салынбайды. Сондай-ақ, жалдау шарттары бойынша жеке қарастырылған төлемдерді аударыла бастады. Барлық құжаттар онлайн режимінде қабылданады.

Ел Үкіметі тарапынан әзірленген шаралар шағын және орта бизнесті қолдауға, отандық өндірістегі тұрақты жұмыс режимін сақтауға бағытталып отыр.

Бағдарлама фермерлердің 76 пайызға ескірген техника паркін 30% жаңартуға мүмкіндік береді.
«Қаржы жылдық 6% мөлшерлемесімен, 10 жылға және 1 жылға дейін лизингтік төлемдер бойынша жеңілдікпен беріледі. Инвестициялық субсидия түріндегі берілетін мемлекеттік қолдаудың арқасында алғашқы төлем 0% құрайды және қандай да бір комиссияларды төлемей және кепілсіз беріледі. Өтінім қабылдау және қарау азайтылған құжаттар пакетінің электрондық көшірмелері негізінде жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаның іске асырылуы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге елеулі қолдау көрсетіп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып қана қоймай, отандық машина жасауды дамытуға оң ықпалын тигізуге мүмкіндік береді».

Сондай-ақ ҚР АШМ хабарлағандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры төтенше жағдай кезінде бизнес иелерінің несие жүктемесін жеңілдету бағытында бірқатар шаралардв жүзеге асырдв. Яғни, осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін несие алған, лизингке техника және субсидия алған шаруаларға мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылуда.
2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде төлемдерді кейінге қалдыру үшін қарыз алушы Қорға қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттармен қоса өтініш жазуы керек. Өтінішті шаруалар электрондық пошта немесе мессенджер арқылы жібере алады. 7 жұмыс күні ішінде Қор өтінімді қарап, жауап береді.
Төлемді уақытша тоқтата тұру клиенттің несие тарихына кері әсер етпейді. Бүгінде Қор филиалдарына қаржылық жағдайларының нашарлауына байланысты мыңнан аса өтініш келіп түсті. Айта кету керек, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында несиелеу жұмыстарын жалғастырады. Ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес бағыттары қаржыландырылады. Атап айтқанда, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауға және кәсіпкерліктің басқа да түрлеріне несие беріледі.
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына 2020 жылдың 21 сәуіріне дейін төлем мерзімін ұзарту туралы сомасы 2,59 миллиард құрайтын 171 өтінім түсті, сомасы 630 млн теңгені құрайтын өтінім мақұлданды. Өтінімдерді орталық аппаратта да, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінде орналасқан филиалдарда да қабылдайды. Толық ақпаратпен қоғамның корпоративтік сайты немесе қоғамның Call-center (8(7172) 55-77-55) арқылы, сондай-ақ орталық аппарат пен филиалдардың телефоны арқылы танысуға болады.

Асхат Қасенғали, саясаттанушы: Ауыл шаруашылығы еліміздің экономикасын барынша жандандырудың негізгі рычагтарының бірі болып табылады. Әрине, соңғы уақыттағы әлемдік экономикалық дағдарыстың біздің елге деген соққысы үлкен болды. Шикізатқа экономикалық тұрғыдан тәуелді болған біздің қаржылық секторымыз зардап шекті. Алайда Қазақстанның бұл тығырықтан шығар жолы бар. Ол ауыл шаруашылығы. Қазақстан бар мүмкіндігін пайдаланып, әлемдік деңгейдегі ауыл шаруашылығы авангардына айналуға тиіс.
Соңғы жылдары әлемде лизингтік жүйе жұмыс жасайды. Аталмыш тәжірибе бізге де келіп жетті. Ендігі таңда ауыл шаруашылығына арналған техниканы лизинг арқылы алуға болады. Бұл қаржы жоқ болса да, кәсіп бастауға мүмкіндік береді. Тиімді. Біріншіден қаржы табуға уақыт жоғалтпайсыз. Екіншіден бұл жаңа техниканы алуға деген мүмкіндік. Лизинг арқылы трактор, егін егу техникасы мен мал тасымалдау техникасы, тіркемелі техникалық жабдықтарды алуға болады.
Елімізде 10-нан астам лизингтік компаниялар бар. Барлық лизингтерді ҚазАгроҚаржы компаниясы қанағаттандыруға тырысады. Соңғы статистика бойынша 53 млрд теңгеге жуық лизингтік келісімге қол қойылған. Бұл үлкен ақша. Ендігі таңда осы мөлшерді көбейту мақсат етілуде. Трактор, комбайн, соқа және басқа да техниканы алып, кәсіпті дөңгелетіп кетем десеңіз, сізге құлаққағыс болсын.

Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста