Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған орта

Ауылшаруашылығында ақжолтай хабар көп!

  • Ауылшаруашылығында ақжолтай хабар көп!

    Ауылшаруашылығында ақжолтай хабар көп!

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында тағы да ауылшаруашылығы мәселелері талқыланды. Бұл бүгінгі күні ауылшаруашылығы мәселелерінің, көктемгі егіс науқанының күн тәртібінде тұрған өзекті тақырып екенін аңғартады.
Сондықтан бүгінгі күні барлық елді жайлаған пандемия кезіндегі басқа да мәселелермен қатар карантин енгізілген қалаларға ауыл шаруашылығы тауарларын жеткізушілердің автомашиналарын өткізу, карантин кезінде көктемгі егіс жұмыстарын ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардты сатып алуды өткізу секілді ауылшаруашылығы мәселелері талқыланды. Премьер-Министр Асқар Мамин тиісті санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаумен фермерлердің егіс жұмыстарымен бөгетсіз айналысуын қамтамасыз етуді, карантин енгізілген қалаларға ауыл шаруашылығы тауарларын жеткізушілердің автомашиналарын өткізудің бірыңғай тәртібін енгізуді және жүктердің негізсіз бөгелуін болдырмауды ерекше атап өтті. Сондай-ақ көктемгі дала жұмыстары кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуы басты назарда болып отыр. Қазір дихандар мен сервистік компаниялардың қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен және антисептикпен қамтамасыз етілген. Бұл мәселе Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әкімдіктерімен оңтайлы шешіліп, енді басқа облыстарда бұл жұмыстар қолға алынуда.
Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров «Министрлік төтенше жағдай кезеңінде рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету мәселелерін енгізуді, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарын техникамен, тыңайтқышпен, қосалқы бөлшектермен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударуды сұрап, облыс әкімдеріне хат жолдады» дейді. Демек ауылшаруашылығы жұмыстарының тиімді іске асырылуы жергілікті атқарушы билік өкілдеріне де тікелей байланысты. Сондықтан аймақтағы әкім-қаралардың да жауапкершілігі күшеюде. Осы орайда бүгінгі күні көктемгі дала жұмыстарын атқару барысында ауыл шаруашылығы басқармалары мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшыларын төтенше жағдай жөніндегі штаб құрамына енгізіп, адамдар мен техниканың кедергісіз ауданаралық қозғалысын қамтамасыз етуді көздейтін бірыңғай алгоритм әзірленгенін айта кету керек.
«...Бүгінгі күні 1 млн тонна тұқым тексерілді, оның 95%-ы кондицияға сай. 47 мың тонна немесе 5% тұқым кондициялық емес деп танылды», – дейді вице-министр. Оның сөзінше, жоғары өнім алу үшін тыңайтқыш қолдану маңызды рөл атқарады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 23,3 млрд теңге қарастырылған. Бұл ақшаға 480 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштар сатып алуға болады екен.

Жұмыс басталғанға дейін техниканың дайындығы 100%-ды құрайды деп болжанып отыр. Көктемгі егіс жұмыстарын уақытында жүргізу үшін ақпан-маусым айларына 387 мың тонна дизель отыны бөлінген. 8 сәуірдегі жағдай бойынша бекітілген кесте бойынша жоспарланған 387 мың тоннаның 119 мың тоннасы бойынша шарт жасалып, 103,4 мың тонна дизель отыны тиелген.
Сырттан жеткізілетін өнімдердің бағасы бақылаусыз екенін еске ала отырып, мүмкіндігінше ауыл шаруашылығы өнімдерімен өз елімізді өзіміз қамтамасыз етуге көңіл бөлініп отыр. Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі арттырылуда, Мәселен биыл қарақұмық алқабы ұлғайтылатыны белгілі болып отыр. Атап айтсақ, қарақұмық алқабы 30 мың гектарға ұлғайтылған, жалпы майлы дақылдардың алқабы 122 мың гектарға артты.
Ал ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 22,5 млн гектарды құрайды. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың алқабы –15,2 млн, бидай алқабы – 11,4 млн гектар.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында егіс алқаптарын әртараптандыру және жоғары рентабельді дақылдар өсіруге көшу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Майлы дақылдардың жоспарланған алқабы 3 млн гектарды құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 122 мың гектарға көп көрсеткіш. Көкөніс-бақша дақылдары мен картоптың алқабы 19 мың, азықтық дақылдардың алқабы 309 мың гектарға өсті. Техникалық дақылдардың алқабы 132 мың гектарды құрайды», – дейді вице-министр Айдарбек Сапаров.
Атап өтер тағы бір жайт, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 4 жылдың ішінде шетелден импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өнімдерге алмастыруды жоспарлап отыр. Мәселен енді төрт жылдың ішінде сырттан алма сатып алудан да еліміз толығымен бас тартады деген қуанышты болжам айтылуда. Отандық өнім біріншіден арзанға түссе, екіншіден азық түлік сапасы тұрғысынан сенімді болмақ. Бір кездері алмалы қала Алматының алмаларының талай халықты қамтамасыз еткенін ескерсек, алма бақтарын қалыпқа келтіру күп күттірмейтін жақсылық секілді. 2024 жылы 12,5 мың гектар аумақта алма өсіріледі деп күтілуде. «Алма өндіру көлемі соңғы 3 жылда 15%-ға, яғни 188 мың тоннадан 216,5 мың тоннаға ұлғайды. Қазір ішкі нарықты өзімізде өндірілген алмамен қамтамасыз ету көлемі 63%-ды құрайды. Алма импортын алмастыру үшін 2024 жылға қарай қосымша 12,5 мың гектар аумақта алма өсіріледі. Алдын ала болжам бойынша, алма бағынан жылына 105 мың тонна алма жиналады», – дейді еліміздің бас аграномы. Төтенше жағдай мен алдағы уақытта елімізде болатын дағдарыс еліміздің ауылшаруашылығы саласының жаңа бір тынысын ашып, ел экономикасына қан жүгіртер бастама боларына сенім мол!

Қуаныш Ермекова
 




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.04.2020, 23:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31