Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған орта

Дихандар мен шаруалар блок бекеттерден емін еркін өте алады

  • Дихандар мен шаруалар блок бекеттерден емін еркін өте алады

    Дихандар мен шаруалар блок бекеттерден емін еркін өте алады

Төтенше жағдай кезінде ауылшаруашылығына айрықша көңіл бөлінуі көктемгі егіс жұмыстарына, мал шаруашылығына аса қолайлы болып отыр. Дихандар мен шаруалар да блок бекеттерден емін еркін өтіп, жылға азық болар көктемнің әр күнін тиімді өткізуде. Олардың жұмысына қолбайлау болмау үшін тиісті орындар қағазбастылықтан арылтып, электронды рұқсатнама арқылы емін еркін жүруіне жағдай жасады. Яғни мемлекет басшысының көктемгі дала жұмыстары кезінде дихандар мен шаруалардың карантин аймағында кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету қажет деген тапсырмасын орындау үшін Qoldau.kz цифрлық платформасы электронды рұқсатнама беретін AgroRuqsat сервисін іске қосты. Қазір электронды қызметке дән риза шаруалар емін еркін жүруде.
Фермерлер мен агроқұрылым басшыларынан, ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін жеткізетін дилерлер мен ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсететін сервистік компания өкілдерінен құралған 10 мыңға жуық азаматқа электронды рұқсатнама беріліп отыр.

Карантин кезінде шаруаларға кедергі жоқ
Ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін және ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін тұлғалардың өзіне, техникасына қатысты мәліметтер мемлекеттік деректер қоры арқылы тексеріледі. Электронды рұқсатнамаға ие болу үшін құжат жинаудың, оған қол қойдырып, мөр бастырудың қажеті жоқ. Өтініш электронды түрде қабылданып, рұқсатнама электронды түрде беріледі. Артық жүгірудің, кезекке тұрудың қажеті жоқ. «Шопан ата» қойшылар қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев блок бекеттердегі жағдайды тікелей эфирлер арқылы көрсетіп, барынша еліміздегі ауылшаруашылығына қатысты мамандарыдң кедергісіз жүріп тұруына мүмкіндік туғызған мамандардың бірі. Ол «Қазір коронавирустың одан әрі таралуын шектеу үшін карантин шаралары күшейтілді, ол қауіпсіздік үшін дұрыс. Әйтсе де, қазір жергілікті өңірлерде полиция қызметінің тосқауылы фермерлердің шаруасына кедергі келтірмеуі тиіс. Мал төлдеп жатқан шақ. Ауылдағы шарауаның ары-бері шапқылайтын кезі. Мысалы, ірі сиыр шаруашылықтарына бұқа қажет. Ол бұқаны ауыстырып отыру үшін басқа жерден көлікке тиеп жеткізу қажет. Міне, осындай қозғалыстар шектелмеуі үшін шырылдағам. Жоғары жақта отырғандар ол мәселенің бар екенін атүсті білгенімен, ішкі қайшылықтарға, ұсақ мәселелерге мән бермеуі мүмкін. Ал соны ашып көрсете алсаң, жергілікті атқарушы биліктегілерге де, Үкіметке де мәселені жеткізуге, шешімін табуға болады. Әсіресе карантин кезінде онлайн өмірдің мүмкіндігі зор екеніне көзіміз жетіп жатыр. Блок бекеттерден тікелей эфирге шығып шаруалардың бекеттерден өту кезінде туындап жатқан мәселелерін біз онлайн көрсетудің нәтижесінде мәселеге басқалардың назарын аударып, шаруалар мен фермерлердің мәселесін тез шешуге ықпал еттік. Әлеуметтік желі бүгінгі өмірдің бір қыры. Көктемнің бір күнінің өзі шаруалар үшін берекелі, олар қарап отырғысы келмейді. Дер кезінде дәнін сеуіп, күн қызып кеткенше шаруаларын реттеп алса бастысы сол» дейді. Шаруалардың жүріп-тұруының бірыңғай алгоритміне қазіргі таңда барша мамандар риза болып отыр. Тек санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мен жұмыс істеу алгоритмінің бекітілген талаптары мен шарттарын бұлжытпай орындаса болғаны.

Биылғы егіс жұмыстарының жөні бөлек
Төтенше жағдайға қарамастан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көктемгі егіс жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Егіс жұмыстары 7 өңірде жүзеге асуда. Оңтүстік аймақтарда жоспарланған жаздық егіс алқабының 16-дан 81%-ы егілген. Атап айтқанда, Жамбыл облысында 326 мың га, Алматы облысында – 239 мың, Түркістан қаласында – 230 мың, Қызылорда облысында – 28 мың га егіс салынған. Павлодар және Атырау облыстарында көктемгі егіске енді кіріскен. Басқа аймақтарда егіс науқаны алдындағы жұмыстар атқарылуда. Биылы шаруаның жайы ерекше екенін шенеуніктер де мойындап отыр. Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров «Биылғы көктемгі егіс жұмыстары бұрын соңды болмаған жағдайда жүріп жатыр. Десекте, егіс науқанына дайындық жұмыстары тұрақты түрде жүзеге асырылды. Фермерлер көп жағдайда блок-бекеттер арқылы өту барысында кездескен қиындықтарға шағымданды. Бұл өте маңызды мәселе. Оны шешу үшін ҚР АШМ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жүріп-тұруы бойынша бірыңғай алгоритм әзірлеп, оны облыс әкімдіктеріне жолдады. ҚР АШМ мен ІІМ бірлескен шешімі бойынша блокпостарда қағаз құжаттары да, электрондық рұқсаттар да қабылданатын болды. Фермерлердің кедергісіз жүруіне өңірлердің әкімдіктері мен жедел штабтары жауапты», - дейді.

Төтенше жағдайда ауылшаруашылығының маңызы ерекше
Жасыратыны жоқ, әлемді жайлаған індеттен қашан құтылатынымызды ешкім болжап айта алмай отыр. Тіпті шекараны да қашан ашатынымыз белгісіз. Осы орайда Отандық ауылшаруашылығын дамыту арқылы Отандық өніммен халқымызды кең көлемде қамтамасыз ату арқылы ғана тығырықтан шығарымыз анық. Сондықтан осы бастан еліміз егінді жылдағыдан молырақ егіп, «күздің қамын көктемнен орйлауды» жөн көргені байқалады. Мәселен майлы дақылдар биыл жылдағыдан мол егіліп отыр. Мәселен майлы дақылдардың алқабы 122 мың гектарға артқан. Бұл жөнінде еліміздің Ауылшаруашылығының вице министрі Айдарбек Сапаров «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында егіс алқаптарын әртараптандыру және жоғары рентабельді дақылдар өсіруге көшу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Майлы дақылдардың жоспарланған алқабы 3 млн гектарды құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 122 мың гектарға көп көрсеткіш. Көкөніс-бақша дақылдары мен картоптың алқабы 19 мың, азықтық дақылдардың алқабы 309 мың гектарға өсті. Техникалық дақылдардың алқабы 132 мың гектарды құрайды», – дейді. Ал қарақұмық алқабы 30 мың гектарға ұлғайтылған.

Алмасбек Садырбаев, фермер:
- Коронавирустың бір жағынан кесірі тигенімен, екінші жағынан коронавирус пандемиясы біздің қоғамды басқаша ойлауға үйретіп жатыр. Адамға ең алдымен денсаулық керек екенін, екіншіден тамақ қажет екенін түсіне бастадық. Осынша кең байтақ жеріміз бола тұра, жерді күтімсіз тоздырып, егін де еккіміз келмейді. Бұл өте ұят нәрсе. Ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдауға ыңғайлы теңізге шығатын жол жоқ деген де сылтаулар айтылып жатыр. Ештеңе істегісі келмейтін адамның сылтауы көп. Коронавирустан құтылған соң, осы вирусқа алғыс айтамыз. Біз осы короновирустың арқасында ауылшаруашылығына көңіл бөліп, мұнайға сеніп отыра бермей қолда бар басқа дүниелерімізге де көңіл бөлуіміз керек екенін түсіне бастадық. Өмірде аса маңызды сала екенін ұғынғандықтан төтенше жағдай кезінде де ауылшаруашылығына мамандарының аяғына тұсау салынбады. Сондықтан жастар да егін егуге, бос жатқан жерлерді игеруге, мал бағуға, құс өсіруге, өзіміздің ауылшаруашылығы өнімдерін тұтынуға ден қоя бастайды деген үмітім зор. Қазір вирустың салдарынан шекараны әзір ашпай қоя тұру маңызды екені айтылуда. Шекара жабылса, өзіміздің Отандық өнімді тұтынуға бет бұрамыз. Сұраныс бар жерде, шаруалар тарапынан да бәсекелестік, ұсыныс тоқтамайтыны анық. Қазақтың шаруасы деген ұғымның жандануына коронавирус ықпал етті. Денсаулық пен ішер асымыз бар болса қалғаны бос нәрсе екеніне көзіміз жетіп келеді. Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың да осындай кезеңде ауылшаруашылығы саласын дамыту үшін қосымша 600 млрд қаржыны несиелеу үшін бөлуі де саланы дамытуға ықпал етеді деген ойдамын. Бұл қаржы әлі жететін жеріне жеткен жоқ. Бірақ ауылшаруашылығы саласын дамытуды көздейтін, қолынан іс келетін шаруалар осы қаржыны асыға күтіп отыр. Жолдан қолды болмай, әлдекімдердің құлқынына түсіп кетпей жетер жеріне жетсе салада талай іс бітер еді. Шынымен келешекте шекараны ашу, басқа елден азық-түлік жеткізу мәселеге айналған тұста ауылшаруашылығы саласына көңіл бөліп, Отандық өнімге бет бұрудың маңызы зор. Қаржы бөлуін бөлді, енді сол қаржының нағыз қолынан іс келетін шаруаны тауып баруының тетігін қарастырса тіпті дұрыс болар еді.
Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
 




Көрілген: 240    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.04.2020, 03:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 02:30
    Судың сұрауы бар!
    10 Желтоқсан 2019
    Ақмоладан ақ тілек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31